2022 жылғы Әлем чемпионатын Катарға берген Платини жемқорлық ісімен ұсталды

18 маусым 15:46 402 рет қаралды


Ол 2022 жылғы әлем чемпионатын өткізетін ел ретінде Катардың таңдалуына қатысты іс бойынша тергеледі. Францияда жемқорлық ісі бойынша УЕФА-ның бұрынғы президенті Мишель Платини ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Mediapart ақпараты бойынша, 63 жастағы шенеунік полицияның жемқорлықпен күрес бөліміне жеткізілді. Ол 2022 жылғы әлем чемпионатын өткізетін ел ретінде Катардың таңдалуына қатысты іс бойынша тергеледі.

Әлем чемпионатын өткізетін елді таңдауға бірнеше күн қалғанда Платини Катар футбол федерациясының өкілдерімен кездескен делінуде. 2022 жылғы әлем чемпионатын өткізуге АҚШ, Оңтүстік Корея, Жапония және Австралия өтініш берген болатын.

Дереккөз: zakon.kz

 


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.