Ұсталушы саяси белсенді емес

17 маусым 16:49 1551 рет қаралды

Бейнежазбадан алынған кадр
Әлеуметтік желілерде Атырауда оннан астам адам полицейлердің әлдебір адамды ұстауына кедергі болуға әрекеттеніп жатқаны туралы бейнежазба тарап кетті.

Әлгі адамның бет-жүзі қан-қан. Адамдар «не үшін?», «қақыларың жоқ!», «бұл заңсыздық!» деп айқайлап жүр. «АЖ» бұл оқиғаның 16 маусымда кешкісін Привокзальный ықшам ауданында орын алғанын анықтады. Әрі қарай полиция жорамалын ұсынамыз.

- 16 маусымда сағат 22:10-да Амандосов пен Берғалиев көшелерінің қиылысында жаяу патруль қоғамдық орында ішімдік ішкен күйде жүрген ер адамды тоқтатады. Әңгіме барысында ол бағынбай, өзіне әдейі дене жарақатын салған. Полиция қызметкерлерінің бейнежетонындағы жазбада көрсетілгендей, ер адам жанжал шығаруға тырысып, өзімен бірге тұратын әйел жұмыс жасайтын дүкеннің кіре берісіндегі темір таянышқа басын ұрған, - деп хабарлайды Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде. – Ер адам мен әйел патруль қызметкерлеріне бағынудан бас тартып, өтіп бара жатқан жандардың назарын аудартуға тырысқан. Наркологиялық сынама ер адамның «орташа», ал әйел адамның «жеңіл» дәрежеде масайған күйде екенін көрсеткен.

Полиция мәліметі бойынша, ер адам бұдан бұрын ішімдіктен масайған күйде қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әлденеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) мен 667-бабы (Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбау) бойынша хаттама толтырылды. Ол сот қаулысымен 5 күнге әкімшілік қамауға алынды.

Әлеуметтік желілерде соңғы оқиғалар аясында көп адамдар бұл оқиғаны саяси белсенділерге «тиісіп жатыр» деп ұйғарыпты, алайда бұл ол жағдай емес секілді.



Фархат ӘБІЛОВ

Әлеуметтік желілерден алынған бейнежазбалар


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.