NetBlocks: Қазақстанда әлеуметтік желілерге кіру қиындады

12 маусым 16:01 628 рет қаралды


Әлемдегі интернет бостандығын бақылайтын халықаралық NetBlocks тобы Қазақстанда 11 маусым Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15.00-ден бері WhatsApp, Facebook және Instagram желісіне кіру қиындағанын хабарлады.

 NetBlocks тобы сайлаудан кейін елде интернет жұмысы нашарлап кеткенін мәлімдеді.

Елде халық интернетке кіру қиындап, WhatsApp мессенджерімен істемей тұрғанын айтып жатыр. Қазақстандықтар интернетке VPN арқылы кіріп жатқанын айтады.

11 маусымда цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Азаттық тілшісіне "елдегі интернет жұмысының баяулауын техникалық жағдай" деді.

NetBlocks тобы 9 маусымда Қазақстанда бұғаттаулар байқалғанын хабарлаған.

9 мамырда да Қазақстанда бірнеше сайт, әлеуметтік желілер ашылмай қалды.

Дереккөз: Азаттық радиосы




Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.