Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері туралы

12 маусым 12:27 701 рет қаралды


Президент Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Ақорда сайты.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 5-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері тиісті әкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 Қазақстан Республикасының Президенті   Қ.Тоқаев


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.