Жапония премьер-министрі Иранда: Жапония АҚШ пен Иранға ара ағайын бола ма?

12 маусым 12:06 264 рет қаралды


Бүгін Жапония премьер-министрі Шинзо Абе Теһранға (Тегеран) жетіп, Ирандағы ресми сапарын бастайды.

Жапония бас уәзірінің Иран сапары 3 күнге жалғасады деп күтілуде.  Шинзо Або кезекті сапарында ИИР рухани көсемі аятолла Али Хаменеи және президент Хасан Руханимен кездеседі. Жапония үкіметінің кешегі мәлімдемесінде, премьер-министр Шинзо Абе Иранның жоғары лауазымдыларымен кездесуде АҚШ пен Иран арасындағы мәселелерді талқыға салатынын айтқан. Жапонияның бас уәзірі Иран жоғары лауазымдыларымен АҚШ-тың ядролық келісімнен бір жақты шығып кетуін, АҚШ-Иран қайшылығын азайту және АҚШ-тың экономикалық санкцияларының күшін жою мәселелерін кеңеседі. 

Естеріңізде болса, АҚШ президенті Дональд Трамп Жапониядағы мемлекеттік сапары кезінде премьер-министрі Абені АҚШ пен Иран арасындағы қайшылықты азайтуға қолдау көрсетуін өтінген болатын. Қазір, Иран мен АҚШ арасындағы қайшылықтарды азайтып, соғыстың алдын алу, екі елдің қарым-қатынасын жақсартуға үшінші тараптардың рөлі басымырақ. Себебі, Иран мен АҚШ ұқсамаған құндылықтарды ұстанған, саяси теке-тіресте тұрған елдер. Ал, Жапонияның АҚШ пен Иран арасындағы қарым-қатынасын реттеудегі мүмкіндігі Еуропа елдерінен жоғары. Жапония АҚШ-пен жақын одақтас болғанымен, Иранмен терең байланыс орнатқан ел. Оның үстіне Иран мұнай экспортында да Жапонияның алатын орыны жоғары. Сауда-экономикалық, мәдени барыс-келістері де біршама жоғары деңгейде. Сондықтан да, Жапон премьер-министрінің Иран сапары АҚШ-Иран дағдарысына бетбұрыс әкелуі  мүмкін деп күтілуде.

Дереккөз: qazaqtimes.com


Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру