Спорт жаңалықтары

13 маусым 00:00 314 рет қаралды

БОКС

АМУ-дің «Жайық» спорт кешенінде халық батырлары Исатай мен Махамбеттің рухына арналған ХІ халықаралық турнир өтті.

Турнирдің ерекшелігі - Атырау намысын қорғаған шымкенттік боксшылардың үшеуі де алтын алқа алды: Садай Фарзалиев (49 кг дейін), Олжас Байниязов (52 кг дейін) және Нұрқанат Райс (75 кг дейін).


ЖҮЗУ

Италияның Линьяно қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында Әлем кубогы өтті. Сайысқа 31 елден 260 паражүзушілер қатысты. Атыраулық паражүзуші Ержан Сәлімгереев 4х50 метрлік эстафетада алтын алқа және 50 метрлік кешенді жүзуде күміс алқа жеңіп алды.

Атыраулық тағы бір спортшы Дмитрий Ли 100 метрлік кешенді жүзуден екінші және 100 метрлік құлаштап жүзуден үшінші орынға ие болды. Жалпы алғанда, Қазақстан құрамасы 1 алтын, 5 күміс және 2 қола алқаны қоржындарына салып, 6-шы командалық орын алды.


ТАЭКВОНДО

Атырауда БЖСМ-1-де балалар арасында таэквондодан Қазақстан чемпионаты өтті. Облыс құрамасы 20 алқа иеленді, олардың 7-еуі алтын алқа.

Жергілікті үздік спортшылар:  алтын алқа - Ян Гапотченко, Илья Макпузов, Эмир Дадикенов, Санжар Қоныспай, Абылайхан Өтебалиев, Амира Өтемұрат және Зейнеп Азаматқызы; күміс алқа – Дәулет Ғимранов, Парасат Болат, Алина Болат; қола алқа - Ризабек Баймұханов, Бекет Болатұлы, Ерхан Болатбай, Алихан Жәлелғали, Хадиджа Серікқызы, Нұрайлым Бақытжанқызы, Жанель Дүйсен, Айдана Махмуд, Азина Домбаева және Диана Орынғалиева.

 

ДЗЮДО

Орал қаласында дзюдодан ҚР Спартакиадасы өтті. Атырау құрамасы бұл жерден 6 алқа жеңіп алды.

Сұңғат Закарияев (90 кг дейін) алтын алқа, Арман Қалиев (100 кг дейін) күміс алқа және Қанат Сейілхан (60 кг дейін) қола алқа алды. Әйелдер арасында үш спортшымыз қола алқаны місе тұтты: Айгерім Төреғожина (48 кг дейін), Эльмира Самиғоллаева (78 кг дейін) және Саида Қапсалыхова (78 кг жоғары).


КҮРЕС

Нұр-Сұлтанда спорт қайраткері Р.Валиевтің 60 жылдығына арналған ҚР Кубогы өтті. Атырау құрамасы 1 алтын және 2 қола алқа алып қайтты.

Аманбек Аруов Кубок иегері атанды. Қола жүлдегерлер - Майдан Батанов пен Әділжан Елемесов. Аманбек Азия чемпионатында еліміздің намысын қорғау құқығына ие болды. Спортшыларды аға бапкер Асылбек Қалиев дайындады.

Сол уақытта Астанада самбодан Р.Валиевке арналған руспубликалық турнир өтті. Атыраулық самбошылар 4 алқа тақты: күміс алқа - Сырым Байғалиев, Дулат Ерболат және Әлішер Мағзом, қола алқа - Абылайхан Мейрамбекұлы.

Дайындағандар Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ пен Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.