«"Қоғам өзгерді". Сайлау жайлы сарапшылар пікірі», «Қосанов неден қорқып қалды?», «Түнгі қуғын. Сайлау нәтижесіне наразыларды ұстау», «Ресейде журналистің тұтқындалуы қоғамдық резонанс туғызды».

11 маусым 16:59 1369 рет қаралды

AZATTYQ.ORG. «Ресейде журналистің тұтқындалуы қоғамдық резонанс туғызды» - Ресейлік зерттеуші журналист, "Медуза" интернет басылымының тілшісі Иван Голунов 2019 жылы маусымның 6-сы күні Мәскеу орталығында "есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз дайындаған" деген күдікпен ұсталды. Маусымның 8-і күні кешке сотта прокурор оны екі айға тұтқындауды сұрады, бірақ сот оны үйқамақта қалдыру туралы шешім шығарды. Журналист өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, есірткі сөмкесіне қасақана салынған деп санайды. Голуновтың әріптестері айыптауларды оның кәсіби қызметімен байланыстырып, ІІМ басқармасы ғимаратының жанында пикет өткізді. Маусымның 12-сі күні журналистер мен белсенділер Мәскеуде Голуновты қолдап шеруге шықпақ.

«”Жай жүрмін!” Алматы полициясы адамдарды қалай ұстады?» - Орталық сайлау комиссиясы «Нұр Отан» кандидаты Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеңісін жариялаған күні Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қаласында полиция адамдарды ұстады. Азаттық тілшілері Алматыдағы полицияның адамдарды ұстаған сәтіне куә болды.

«"Қоғам өзгерді". Сайлау жайлы сарапшылар пікірі» - Қазақстанда алғаш рет Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуынсыз президент сайлауы өтті. Ел тарихындағы алтыншы президент сайлауы, саяси сарапшылардың пікірінше, қоғамда өзгерістерді қалайтын көңіл-күй өскенін және қазіргі саяси биліктің ескіргенін көрсетті.

«Түнгі қуғын. Сайлау нәтижесіне наразыларды ұстау» - Маусымның 11-іне қараған түні Алматы полициясы тағы да азаматтарды ұстады. Соның алдында президент сайлауының ресми қорытындысы мен заңбұзушылыққа наразылығын айтқан ондаған адаммен бірге полиция ұстап әкеткен айтыскер Ринат Зайытовты босатуды талап еткен жақтастары полиция департаментінің алдына жиналған еді.

QAMSHY.KZ. «Қосанов неден қорқып қалды?» - Орталық сайлау комитетінің алдын ала болжам бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев 70,76 пайыз дауыс жинап, өз орнында қалуы керек

ABAI.KZ. «Бекболат Тілеухан: “Қай халық алаңға шығып, мұратына жетіпті?”» - Қазақстан кезекті рет президент сайлауын өткізді. Қазіргі президент міндетін атқарушы Қасым-Жомарт Тоқаев ол сайлауда ел-халықтың 70 пайыз дауысын алып, жеңіп шықты деген ресми ақпарат та тарады. Президентті ұлықтау рәсімі ертеңге белгіленді.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.