Он төрт жыл бұрынғы берілген өтініштер бойынша жер беру басталады

8 маусым 2019 16:02 3594 рет қаралды


2019 жылдың екінші жарты жылдығынан бастап жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер кезегіне 2005 жылы тіркелгендердің өтінімі қарала бастайды. 2005 жылы жер кезегіне 2572 адам тіркелген. Жер тек қала сыртынан ғана беріледі. Бұл туралы брифингте Атырау қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Наурызбек ҚҰМАРОВ мәлімдеді.

Оның айтуынша, Атырау қаласы бойынша жер кезегіне 88 мың 275 өтініш тіркелген. Қала бойынша жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер телімі қорында 1031 жер телімі бар. Барлығы ауылдық округтарда.  

- Ескі қаладағы үйлерді күреу жұмыстары қашан аяқталады?

- Бұл жұмыстар 12 кезеңге бөлінген. Бірінші кезең бойынша күреу жұмыстары 2017 жылы басталды және биыл тамыз айында аяқталады.  Бүгінде 171 нысанның иесіне мемлекеттен 4 млрд 845 млн 408 мың теңге өтемақы төленді.   

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.