«Түрмелер азайғанымен азаптау көбейді», «"Отандастар" қоры отандастарына қандай көмек көрсетіп жатыр?», «Сот үкімімен келіспегендер «Нұр Отанға» барды», «Помпео Қытай билігін «адам құқығын бұзып жатыр» деп сынады».

5 маусым 12:44 632 рет қаралды

AZATTYQ.ORG. «Түрмелер азайғанымен азаптау көбейді» - Қазақстан билігі түрме жүйесін реформалау қажеттігін айтып, құқық қорғаушыларды «диалогқа» шақырды. «Халықаралық түрме реформасы» ұйымының Орталық Азиядағы өкілдігінің директоры Азамат Шамбилов пенитенциарлық жүйеде түбегейлі өзгерістер болу үшін ең алдымен саяси шешім қабылдануы керек екенін айтады.

«"Отандастар" қоры отандастарына қандай көмек көрсетіп жатыр?» - 2017 жылы қазіргі Нұр-Сұлтанда өткен Дүниежүзі қазақтарының 5-құрылтайында Қазақстанның сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Отандастар" қорын құруды тапсырған. Шетелдегі этникалық қазақтар мен оралмандарға көмек көрсету үшін құрылған қор жұмысын 2018 жылдың қазанда бастады. Содан бері қор қандай іс-шаралар атқарды?

«Сот үкімімен келіспегендер «Нұр Отанға» барды» - Маусымның 4-і күні Нұр-Сұлтанда ондаған адам «Нұр Отан» партиясының алдына келіп, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуді талап етті. Сот шешіміне наразыларға Тоқаев шыққан жоқ. Партия өкілдері президенттің ел аралап жүргенін айтты.

«Алматыда бірнеше белсендіні полиция мен әкімдікке шақырды» - 4 маусымда әлеуметтік желіде бірнеше белсенді өздеріне полиция қызметкерлері келіп, полиция бөлімшесі мен Алматы әкімдігіне шақырғанын хабарлады. Кейбірі полиция шақыру қағазын табыстаған сәтті Facebook парақшасы арқылы тікелей эфирден көрсетті.

«Помпео Қытай билігін «адам құқығын бұзып жатыр» деп сынады» - Қытайдың Тяньаньмэнь алаңында болған наразылықтың 30 жылдығы қарсаңында АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Пекин адам құқығын бұзуды әлі жалғастырып жатыр деп сынады. Помпео мәлімдемесіне Қытайдың АҚШ-тағы елшілігі жауап беріп, оның сөзін жоққа шығарды.

DALANEWS.KZ.  «Бар қазақ Тоқаевқа дауыс береді…» - Қайткенде? Қандай жағдайда? Сайлау алды науқан аяқталайын деп қалды. Әрине, бәрі өз бағдарламасын алға тартып, уәдені үйіп-төгіп жатыр. Ол, негізі құр сөз ғой. Ал іспен не тындырылды?.. Шындығында, керемет ештеңе байқалмайды. Халықтың көңілі содан соң да пәс. Әрине, “әттең, билік жоқ қолда” дер көп кандидаттар. Ал билігі барлар не істеп жатыр?..



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.