Қазақстан мен Литва сотталғандарды беру тәртібін айқындады

30 мамыр 2019 12:41 1730 рет қаралды


Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Шартқа 2017 жылы сәуірде Вильнюсте қол қойылды. Құжатқа сәйкес Қазақстан азаматы Литвада бас бостандығынан айырылса немесе мәжбүрлеп емдеуге жіберілсе, оның жазасын өтету үшін елімізге қайтара аламыз. Литва азаматтарын да өз еліне беруге болады. 

«Шартта бірқатар талаптар бар. Алдымен, ол біздің елдің немесе Литваның азаматы болуы тиіс. Сотталған адамның немесе оның заңды өкілінің келісімі керек. Екі елде де оның жасаған әрекеті қылмыс болып табылуы тиіс. Беруге екі жақтың да келісімі болуы керек», - деп атап көрсетті М.Аxметжанов. 

Атап айтқанда, құжат бойынша беруге жатпайтын адамдар да бар. Егер ұлттық заңнама бойынша жазаны орындау мүмкін болмаса, сондай-ақ  сотталғанды еліне қайтару егемендік пен қоғамдық тәртіпке нұқсан келтірсе және ұлттық заңнама мен мемлекеттің мүддесіне қайшы болса, ондай азаматтар берілмейді. Мұнымен қоса, сотталған адам келтірген залалды өтемесе, сол жерде қала береді.

Дереккөз: inform.kz





Array
Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.