«Сайлау қарсаңында Қазақстандағы жағдайды кім және не үшін қыздыруға тырысып отыр?», «Неліктен Қазақстанда жас саясаткерлер жоқ?», «ҚР президенттігіне кандидаттар әлеуметтік қорғау саласын елеусіз қалдырды…», «"Қысым азайса" да, "күдік басым"».

28 мамыр 11:30 1248 рет қаралды

CAMONITOR.KZ. «ҚР президенттігіне кандидаттар әлеуметтік қорғау саласын елеусіз қалдырды…» - Сайлау алдындағы күрес қызу жүріп жатыр. Оның қатысушыларының барлық күш-жігері қазір электоратпен жұмыс істеуге бағытталған. Әртүрлі уәделер беріліп жатыр, оның ішінде әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысты түрлі уәделер бар. Бірақ көбінесе бұл сайлаушылардың өздері естігісі келетін нәрселер емес, немесе ол іс жүзінде жүзеге асырылмайтын популистік, ал кейде тіпті ешбір мағынасыз ұрандар. Сарапшылармен бірге біз әлеуметтік реформаларға қатысты шынайы идеялар мен табысты ұсыныстарды іздеуде кандидаттардың бағдарламаларын «шолып шығуды» шештік.

«Сайлау қарсаңында Қазақстандағы жағдайды кім және не үшін қыздыруға тырысып отыр?» - Ел кезекті кезектен тыс президенттік сайлау кезеңін бастан өткеруде. Негізінде, жағдай әбден болжамды болып табылады. Бірақ мұнда бір ерекшелік бар: осы жолы дауыс беруге арналған бюллетеньдерде ең үйреншікті кандидат – Нұрсұлтан Назарбаевтың аты-жөні болмайды.

«Неліктен Қазақстанда жас саясаткерлер жоқ?» - Елімізде басталған кезекті электоралды цикл саяси авансценаның ардагерлерін тағы да күрес алаңына шығарып қойды. Президенттікке жеті үміткердің ең кішісі – 55 жаста, қалғандарының жастары 60-қа жуық және одан да артық. Идеал бойынша жарысқа қатысушы адамдардың арасында тәжірибесі бар саясаткерлер мен өршіл жастар болуы тиіс, бірақ, өкінішке орай, соңғылар қазіргі кезде байқалмайды. Ұрпақ арасындағы алшақтығы айқын көрініп тұр. Ол елдің болашағы үшін қандай қауіп-қатер әкелуі мүмкін, жағдайды өзгерту керек пе, егер өзгерту қажет болса, оны қалай іске асыруға болады? Осының барлғын анықтауға тырысып көрейік. 

«Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын өзгерткен және оның құлдырауын жылдамдатқан съезд мерейтойы қарсаңына» - 30 жыл бұрын, 1989 жылдың 25 мамырында КСРО Халық депутаттарының бірінші съезі басталды. Ол тіпті бұрын да, кейін де ешқашан болмаған нағыз саяси шоуға айналып, үлкен қоғамдық қызығушылық тудырған еді.

ABAI.KZ. «Сирияға кеткен үш жасар қазақ қызының мұңы» - Ютубта «Жусан-2» операциясы» деп терсеңіз, бұл видеоны сіз де көре аласыз. Бесіктен белі шықпай жатып, дүниенің қатыгездігін, адамзаттың зұлымдығын көріп үлгерген, сәби санасымен айуандық деген не екенін ұғынып, жаны түршігіп, шошынып үлгерген қайран бүлдіршінді аяйсың! Осындай балдырғандардың құрқылтайдай жүрегімен қайғы жұтуына қоғам болып жол бергенімізге ашынасың! Оның ата-анасының ақымақтығына ызаң келеді!

«Халықтың жады» - Cаяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде белгіленген 31 мамыр қарсаңында арнайы бір ой түйіп қою сұранып тұр.

AZATTYQ.ORG. «"Қысым азайса" да, "күдік басым"» - Қытайда қамалған қазақтардың кейбірі елге оралып, бақылаушылар "тоңның жібігенін" айтады. Бірақ Шыңжаңға жуырда барып келген журналистің "күдігі басым". Қазақстан сыртқы істер министрлігі саяси қамау орындарын "кәсіптік оқыту орталықтары" деп сипаттайды.

«Істемейтін терминал мен кептеліс. Ақылы жолдың әлегі» - 2019 жылдың басынан бері Қазақстанда үш автокөлік жолы ақылы болды. Олардың ең ұзыны – Алматы - Қорғас жолындағы терминалдың алдын ала төлеу жүйесі әлі істемей тұр. Жүргіншілер "50 пайыз жеңілдікке жете алмай жүргендерін" айтып шағынады.

DALANEWS.KZ.  «Бәйменов: “Халық бір ғана партияның болуын қабылдамайды”» - Әлихан Бәйменов қазір Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың басқарушы комитетінің төрағасы. «Ақжол» партиясына жетекшілік еткен уақта Бәйменов қазіргі саясаттың кем-кетік тұстарын тура айтатын-ды, көзге шұқып көрсететін. Мәселен, мына сұхбаты соған дәлел. «Қоғам өзгерсе, онда саясаткерге қойылатын талап та өзгереді», – дейді Бәйменов.  

INFORMBURO.KZ. «Оқушыларға тереңдетіп оқу үшін пәндерді таңдауға рұқсат берілді. Жаңа жүйе қалай жұмыс істейді?» - Қазақстанда 5-ші сыныптан бастап балалар өздеріне ұнайтын пәнді таңдайтын болады. Әрі қарай бұл мамандық таңдауға көмектесуі керек.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.