​Қырғызстан экс-вице-премьері қамауға алынды

22 мамыр 16:28 483 рет қаралды


Қырғызстанда қылмыс әлемінің cеркесі «Азиз Батукаевты заңсыз түрмеден босатты» деген айыппен экс-вице-премьер-министр Шамиль Атаханов қамауға алынған. 

2013 жылы Нарын қалалық соты дәрігерлер берген қорытынды негізінде Азиз Батукаевты мерзімінен бұрын бостандыққа шығарған. Сол күні ол Ресейге ұшып кеткен. Бұл оқиға қоғамда үлкен наразылық туғызған. Биыл 17 сәуірде бас прокурор Откурбек Жамшитов Батукаевты заңсыз босатуға байланысты тергеу ісі басталды деген. 

Артынша қатерлі ісік ауруларын емдейтін дәрігер Эмиль Макимбетов ұсталды. Ол жалған анықтама берді деген күдікке алынды. Кейін тағы үш дәрігер қамауға алынған. Бұл іс бойынша денсаулық сақтау министрінің орынбасары болған Динара Сағынбаева да қамауға алынған.

Дереккөз: "The Qazaq Times"


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.