Мәскеу метросында мыңға жуық адам сыртқа шыға алмай қалған

22 мамыр 16:20 432 рет қаралды


21 мамырда Солнцев бағыты бойынша Мәскеу метросында жолаушылары бар үш пойыз жолда тоқтап қалған. Пойыздарда жалпы саны мыңға жуық адам болған.

Бұған дейін "Интерфакс" агенттігі пойыздардың техникалық ақауға байланысты тоқтап қалғанын хабарлаған. Пойыздар Мәскеу уақытымен кешкі сағат жетілер шамасында "Шелепиха" және "Хорошев" станциялары арасында тұрып қалған. Жер астында бірнеше сағат отырған жолаушыларды кейінірек жөндеуден өткен пойыздардың көмегімен станцияға жеткізген.

Мәскеу метросы ешкімнің медициналық көмекке жүгінбегенін хабарлады.

Дереккөз: Азаттық радиосы


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.