Сот хроникасы

22 мамыр 11:08 995 рет қаралды


«Мен қазақстандықтардың қонақжайлығы мен адамгершілігін ұнатамын. Сіздің елде тұрып, жұмыс істегім келеді», - деп жылылықпен сөйледі АҚШ азаматы халқымыз туралы. Жылыой аудандық сотының отырысында әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабы («Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу») бойынша оның ісі қаралған еді. Экспат Теңіздегі үшінші буын зауыты құрылысында инженер болып жұмыс істейді. Рейд жүргізген полицейлер одан сыра иісін сезген. Алкотест оның азғана, бірақ тәртіп сақшысының пікірінше, шетелдікті ҚР аумағынан депортациялау үшін жеткілікті дәрежеде масайғанын көрсеткен. Сөйтіп материалдар сотқа жолданды. Алайда судья депортациялау үшін 0,4 промилле жеткілікті емес деп танып, айыппұл жазасын кесті. 

* * * * *

Исатай аудандық соты 335-бабының 4-тармағы (Балық ресурстарын iрi залал келтiре отырып заңсыз алу) бойынша айыпталған жергілікті тұрғын Н.-ға қатысты үкім шығарды. Сәуірде Н.-ның қайықпен Каспий теңізінен 12 бекірені заңсыз аулағаны анықталды. Мемлекетке тигізілген зиян 8 млн 401 мың теңге болды. Н. кінәлі деп танылып, шартты түрде 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылу жазасын алды.

* * * * * 

Индер аудандық сотында бұрынғы әйелінің күйеуіне ортақ мүлікті бөлу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды. Талапкер сотта 2005 жылдан бастап жауапкер Б.-мен некеде болғанын көрсетіп, сотқа осы уақыт ішінде иеленген құны 850 мың теңге тұратын УАЗ маркалы автокөлігін бөліп беруін сұрады. Дау медиация тәртібімен шешілді. Мәміле бойынша сотталушы бұрынғы жұбайына 350 мың теңге төлеуге міндеттелді.

* * * * *

Құрманғазы аудандық соты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабының 4-тармағы (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде бірнеше рет келу) бойынша әкімшілік істі қарады. Сотта анықталғандай, Құрманғазы ауылының тұрғыны бірнеше рет орташа дәрежеде ішімдіктен масайған күйде қоғамда орындарда жүрген. Ол кінәлі деп танылып, 6 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын алды.

Дайындаған Фархат ӘБІЛОВ


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.