«Батыста оқып, Жапонияда еңбек етіп, Нұр-Сұлтанда қамалған», «”Жиһадқа шақырғандардың” үкімі өзгермеді», «Америка мектептері балаларды қалай тәрбиелейді?», «Мөңке би айтқан елді әйел билейтін заман жетті».

22 мамыр 08:56 785 рет қаралды

AZATTYQ.ORG. «Батыста оқып, Жапонияда еңбек етіп, Нұр-Сұлтанда қамалған» - АҚШ-та оқып, Жапонияда кәсіп қылған соң Қазақстанға оралған қостанайлық ағайынды екі жігіт мамырдың 9-ы күні "заң қызметкерлеріне бағынбады" деген айыппен бес тәулікке қамалған. Олар Азаттыққа қалайша "деструктивті сыртқы күшке" айналып кете жаздағандарын баяндап берді.

«”Жиһадқа шақырғандардың” үкімі өзгермеді» - Алматы қалалық соты «қарулы жиһад ұйымдастырмақ болды» деп сотталған Алмат Жұмағұлов, Кенжебек Әбішев және Оралбек Өміровтің апелляциялық шағымын қанағаттандырмады. Сотталушылардың отбасы қиын жағдайға шағымданады.

«Түркіменстанға кіре алмаған ондаған жүк көлігі шекарада бөгелді» - Өзбек-түркімен шекарасында түркиялық жүз шақты жүк көлігінің қаңтарылып тұрғанына үш аптадан асты деп хабарлайды түрік басылымдары.

«Домбыра тартып, қазақша ән салатын буынның соңымыз ба деп қорқамын» - Түркияда туып, Францияда тұрған, арғы тегі алтайлық қазақ Өмір Өзкалп Германияда кәсіпкерге айналды. Түркияда – "Омер", Францияда – "Виктор-Зафер" атанған Өмір шеттегі қазақ жастарының ана тілінен ажырап бара жатқанын айтып қынжылады.

INFORMBURO.KZ. «Қазақстандағы Президент сайлауы: негізгі ережелер мен кандидаттарға қойылатын талаптар» - Қазақ тілінен емтихандар, 2 млн теңгеден жоғары сомада жарна және ОСК ҚР Президентіне қоятын басқа да талаптары туралы іnformburo.kz.материалында.

DALANEWS.KZ.  «Америка мектептері балаларды қалай тәрбиелейді?» - Екі жыл Америкада оқыдым. Бостон қаласында тұрдық. Ұлым Алаш Америкада бірінші сыныпқа барды. Қарапайым мемлекеттік мектеп.

ABAI.KZ. «Мөңке би айтқан елді әйел билейтін заман жетті» - Біздің осы күндерге дейінгі және бүгінгі жағдайымызды да ата-бабаларымыз бұдан сан жылдар бұрын топшылап қойғанын бүгінгі жағдайлардан аңғарып жүрміз. Мұның бәрін Абылай ханның, Мөңке бидің, Бұхар жыраудың түрлі болжамдары мен көрген түстерінен белгілі болғанын тарихшылар зерттеп білді. 



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.