«Қазақстан полициясы: министр ауысқаннан кейін не өзгерді?», «Ішер асқа жарымайтындар Қазақстанда қанша?», «"Сұрқай һәм сүреңсіз науқан". Сайлау жарнамасы жайлы пікірлер», «Сингапур үкіметінің саясатында екі нәрсеге назар аудардым».

21 мамыр 08:40 927 рет қаралды

CAMONITOR.KZ. «Өткен кезеңдердің батырлары жайлы…» - Ұлы Отан соғысы туралы көптеген кітаптар жазылып, фильмдердің үлкен саны түсірілген. Сонымен қатар қантөгіс шайқастарға тікелей қатысқан адамдардың мақалалары, жазбалары және мемуарлары бар. Бірақ оған қарамастан, сол кездегі қорқынышты оқиғалар жылнамасының үлкен қабаттары әлі де кең жұртшылыққа қолжетімді болмай қала береді. Кейбір үзінділер мен жеке оқиғаларды тіпті «ақ дақтар» санатына жатқызуға да болар еді.

«Қазақстан полициясы: министр ауысқаннан кейін не өзгерді?» - Ішкі істер министрі қызметіне Қалмұханбет Қасымовтың орнына Ерлан Тұрғымбаев келгеніне жақында жүз күн болады. Министрді аустыру дұрыс болды ма деген сұрақ қою үшін бұл уақыт әбден жеткілікті. Барлығы Қасымовты ауыстыруды талап еткен. Ауыстырды. Ал өзгерістер бұрынғысынша жоқ. ІІМ-нің кезекті реформасы жарияланған сияқты еді, бірақ оның бейнесі әлі де айқын емес. Тұрғынбаевтың өзі әзірге ешқандай нақты іс-әрекеттер көрсетпеді. Қасымовтың отставкасын талап еткен қоғам осындай нәрсеге үміттенген бе еді? Ал егер «ескі» кадрлар қандай да бір өзгерістер жасауға қабілетсіз болса, онда, бәлкім, ведомствоны басқаруды неғұрлым икемді және саяси тұрғыда сауатты азаматтық министрге беретін уақыт келген болар? Сөз сарапшыларға беріледі.

INFORMBURO.KZ. «Ішер асқа жарымайтындар Қазақстанда қанша?» - ЮНИСЕФ-тің былтырғы мәліметіне сенсек, Қазақстанда ересектердің 59, ал балалардың 19%-ында артық салмақ. Соның ішінде балалардың 7, ересектердің 24%-ы семіз.

ABAI.KZ. «Головкин қазақтың мақтанышы емес» - Геннадий Головкин көп қазақтың көңілінде «суға салсаң батпайтын, отқа салсаң жанбайтын» супер қаһарман. Тіпті қазақстандық түсінік бойынша ол «көк туымызды көтеріп, бүкіл қазақстанды әлемге таныту» үшін еңбек етіп жүр. Біздің елде бір Головкин емес, өзге де спортшылардың жеке жеңісін бүкіл елдің жетістігі деп санайтын түсінік қалыптасқан. Бұл түсініктің негізін қалаушы - қазақ билігі. Шынын айтқанда, қазіргі қазақ билігі үшін халықтың көңілін аулаудың жалғыз жолы осы ғана.

DALANEWS.KZ.  «Сингапур үкіметінің саясатында екі нәрсеге назар аудардым» - Кеңес Одағы Ли Куан Юдың ілтипатына іліне қоймаған еді. Басқасын айтпағанның өзінде осынау коммунистік империяға оның іші жылымайтын. Оның «кеңестер еліне» деген көзқарасы маған бұрыннан белгілі. Сингапурда алғашқы дипломаттық жұмыстың тезінен өтіп, қызмет істеген кездерімде Ли Куан Юдың саяси көзқарасын жеткілікті зерттегенмін.

AZATTYQ.ORG. «Бұрынғы президент қонақ үй ұстап, ағаштан бұйым жасайды» - Грузияның бұрынғы президенті Георгий Маргвелашвили қызмет өкілеті аяқталғаннан кейін саясаттан кетті. Өзі тұрғызған шағын үйді туристерге жалға беріп табыс тауып отырған ол меймандарға бақшасында өсірген жеміс пен көкөніс ұсынады.

«"Сұрқай һәм сүреңсіз науқан". Сайлау жарнамасы жайлы пікірлер» - Азаттық тілшісі Қазақстан президенттігіне кандидаттардың үгіт-насихат науқаны Алматы көшелерінде қалай жүріп жатқанын көріп қайтты.

365INFO.KZ «Оқытушылар 2000 мен 5000 теңге көлемінде пара алады — сауалнама нәтижесі» - Өткен жылдың сәуір айынан бастап білім саласында жемқорлық деңгейін анықтау мақсатында Ақтаудағы 14 кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының студенттері арасында сауалнама жүргізілді.

«Тоқаев 66 жаста: президент туралы қызықты деректер» - Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.

«Семіз ер адамдардың орны банкте емес, құрылыста! — Эмомали Рахмон» - Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон кезекті рет елдің кредиттік ұйымдары қызметкерлерінің арасында әйелдер санын арттыру қажеттігін атап өтті. Оның пікірінше, олар сыбайлас жемқорлыққа аз шалдығады.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.