​Түркия Ұлттық Мәжілісіне террорлық шабуыл жасамақ болған күдіктілер ұсталды

15 мамыр 16:24 380 рет қаралды


Түріктердің ақпарат құралдары Түркия Ұлттық Мәжілісіне террорлық шабуыл жасалмақ болғанын хабарлады. Хабарға қарағанда Ұлттық Мәжіліс сарайына кірген екі күдікті қызметкерлерді кепілге алуға әрекет еткен. 

Түркиялық «Анадолы» ақпарат агенттігі таратқан хабарда, қауіпсіздік қызметкерлері дер кезінде шабуылдың алдын алып, күдіктілерді тұтқындағаны айтылады.  Күдіктілер туралы қандай да бір мәлімет берілмеген.

Алайда, қауіпсіздік қызметкерлері күдіктілердің сол ел тарабынан террорлық ұйым ретінде танылған DHKP-C топтарымен қатысы бар екенін айтады. Түрік ақпарат құралдары күдіктілердің суреттерін жария етті.

Мәліметке қарағанда, күдіктілердің  бұған дейін де террористік шабуылдарға қатысы бар екені анықталған және тінту кезінде киімдеріне жарылғыш зат салуға арналған құтылар да табылған.  

Дереккөз: “The Qazaq Times


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.