«Швейцарияға қашқан отставкадағы ҰҚК полковнигінің сергелдеңі», «Митингіден кейін қамалғандардың алды босап шықты», «Елімізде "Назарбаевтану" пәні енгізілуі мүмкін», «АҚШ – Қытай текетіресі жаңа кезеңге өтті».

14 мамыр 10:18 614 рет қаралды

AZATTYQ.ORG. «Швейцарияға қашқан отставкадағы ҰҚК полковнигінің сергелдеңі» - Швейцарияға қашқан Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің отставкадағы полковнигі не Қазақстанға депортацияланбай, не Швейцариядан саяси баспана ала алмай, "шарасыз" күйде қалғанын айтады. Ол Қазақстанда сотталған азаматтық некедегі әйелін билік "маған бола қудалады" деп санайды.

«Митингіден кейін қамалғандардың алды босап шықты» - Алматы мен Нұр-Сұлтанда 1 мамырдағы наразылық шарасынан кейін 10 тәулікке қамалған бірнеше тұрғын 12-13 мамырда бостандыққа шықты.

ABAI.KZ. «Елімізде "Назарбаевтану"  пәні енгізілуі мүмкін» - Қазақстанның оқу орындарында "Назарбаевтану" деп аталатын жаңа пән енгізілуі мүмкін.

«Қазақстан "ұлыдержавалық шовинизм шоуының" сахнасына айналды» - «Бессмертный полк». Бұл жеті-сегіз жыл бұрын орыстар ойлап тапқан бейсаяси акция еді. Бүгінде бүтін бір елдің идеологиялық қаруына айналды. Әсіресе, Кремль Қырымды аннекциялаған соң, «Бессмертный полк» және осы тектес акциялар орыс әлемінің пропогандалық саясатының бір бөлшегі cаналатын болды.

«Бұл парад - Путин агрессиясы!» - Олар әдеттегідей алаулатып-жалаулатып, әскери әлеуетін әлемге әйгілегенсіп, асқан пафоспен өткізді. Кешегі Мәскеудегі әскери шеруді айтамын...

«Жылымықта туған жұлдыз» - Асекеңмен сұхбаттаспағалы біраз бопты. Асқарлар –  60-жылғылыр. «Оттепелшілер». «Жылымық»  жігіттері. Адам – тарих түлегі. Асекең жайлы қорғаған диссертациямда осыны айтыңқырағам. Асекеңді осы жерден шығармақшы боп бекіндім. Асекеңнің өзі осы «60-жылғылар» дегенге қарсы екен. Біреулер оны Қытайдағы «Мәдени революцияға» телігісі келгенге ұқсайды. Ол оған келмейтін сияқты. Мао өзінің «Мәдени төңкерісін» 1966 жылы бастаған. Ал, біздің «Жылымық» генералиссимус Сталин опат болғаннан соң басталған ғой.

«АҚШ – Қытай текетіресі жаңа кезеңге өтті» - Арада айтулы уақыт өткенде, екі тарап ортақ бітімге келмегені анық болды. Сонымен 2019 жылдың 10 мамыры, жұма күні АҚШ тарапынан жоспарланған 25 % кедендік салық іске қосылды. Бұдан бір күн бұрын АҚШ-қа барып, қаржы министрі Стив Мнучинмен (Steven Mnuchin) кездескен Қытайдың премьер министрінің орынбасары Лю Хы мырзаның  сапары  ойдағыдай болмады.

QAMSHY.KZ. «Сайлау туралы қызықты 15 факт: Үндістанда сайлау бір апта болады» - Демократия — деген әмбебап кәсіпорын емес. Және оның негізгі механизмі — сайлау да әмбебап дүние емес. Күллі әлемдегі кейбір адамдар дәл сайлау күні не істейтіндерін, өздерінің азаматтық міндеттерін қаншалықты орындайтынын осы мақаладан оқи аласыздар.

INFORMBURO.KZ. «АҚШ – Қытай сауда соғысы. Бұның Орталық Азия елдеріне ықпалы қандай болмақ?» - Сауда соғысына не себеп? Кім зардап шегеді? Оның әлем экономикасына ықпалы қандай? Қазақстан неден ұтады? Қытай вице-премьері астанада жүр.

«Балалардың мүліктерін, той сыйлықтарын, итті қалай декларациялау керек. Қаржы министрлігі толықтай түсіндіреді» - Ведомство сондай-ақ жалпыға бірдей декларациялау бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді.


Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру