Коммунист Ахметбеков президенттікке кандидаттың куәлігін алды

6 мамыр 10:33 721 рет қаралды


ҚР Орталық сайлау комиссиясы Жамбыл Ахметбековты ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркеді. Бүгін оған кандидаттың куәлігі ресми түрде табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Комиссия мүшесі Бақыт Мельдешовтың айтуынша, осы уақытқа дейін кандидаттың барлық құжаттары тапсырылды. Лингвистикалық комиссия оның мемлекеттік тілді еркін меңгергенін растады. Ал Орталық сайлау комиссиясы оны заңның барлық талаптарына сәйкес деп танып, кандидатқа қажетті қол қою парақтарын берген болатын. 

«Президенттікке кандидат Жамбыл Аужанұлы Ахметбековты қолдап Қазақстанның 16 өңірінен 138 294 азаматтың қолы жиналды. Соның ішінде 135 506 қол расталды. Ал Орталық сайлау комиссиясының қаулысы бойынша кандидатты қолдайтын қолдардың қажетті саны кемінде 118 140 болуы шарт», - деді Б.Мельдешов. Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес, Жамбыл Ахметбеков 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына кандидат ретінде тіркелді. 

Дереккөз: inform.kz


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.