"Екі күнде 120 мың қол жинаған" Рақымбеков кандидат ретінде тіркелді

6 мамыр 10:14 1116 рет қаралды


"Ауыл" партиясы ұсынған кандидат Төлеутай Рақымбеков 6 мамырда кандидат ретінде тіркеліп, орталық сайлау комиссиясынан кандидат куәлігін алды.

Сайлау комиссиясының айтуынша, Рақымбеков міндетті 118 мыңнан асырып, 122 309 қол жинаған. Оның 1655-і есепке алынбай, 120 754-і саналған.

"Ауыл" партиясының кандидаты қол жинау қиын болмағанын айтады.

- Біздің партияда 320 мыңдай мүше бар. Сондықтан қол жинау қиын болған жоқ. 1-2 мамырда жинап, 3 мамырда дайын болды, - дейді Рақымбеков.

Бұған дейін ОСК "Нұр Отан" партиясы сайлауға үміткер ретінде ұсынған Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен "Ұлы дала қырандары" қозғалысы ұсынған үміткер Сәді-Бек Түгел, "Қазақстанның кәсіподақтар федерациясы" ұсынған Амангелді Таспиховті, "Ақ жол" партиясы ұсынған Дания Еспаеваны президенттікке кандидат ретінде тіркеген.

Дереккөз: Азаттық радиосы

 


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.