«Байкот: Ермұрат Бапи сайлаудан неге бас тартты», «Вермахт обер-лейтенанты Әлихан Ағаев десантының келте тарихы», «Жаңа әліпбидегі әріп саны 28 болуы керек», «Көп балалы отбасыларға не себепті атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) тағайындаудан бас тартып жатыр

30 сәуір 14:43 2778 рет қаралды

ABAI.KZ. «Вермахт обер-лейтенанты Әлихан Ағаев десантының келте тарихы» - Осыдан тұп-тура 75 жыл бұрын, 1944 жылы мамыр айының басында қазіргі Атырау облысының Жылой ауданының жеріне Абвер барлаушысы, обер-лейтенант Әмірхан Тілеумағамбетов (оперативтік есімі – Әлихан Ағаев) басқарған неміс әуе десанты түсірілген еді.

«Жаңа әліпбидегі әріп саны 28 болуы керек» - Кезінде саясаттың қысымымен зорлап алынған қазіргі кирилл әліпбиінде 42 әріп бар. Ал біздің тіл жүйемізде небәрі 28 дыбыс. Мына есепке қараңыз: 42 – 28 = 14. Яғни 14 дыбыс қазақ тілінің жүйесінде жоқ, артық.

JASQAZAQ.KZ. «Шумерлер мен түркілер» - Ежелгі адамдардың алғашқы қонысы Африка болса, алғашқы өркениет ошағы – Шумер мемлекеті. Ең алғашқы дегеннің барлығы – мемлекеттік құрылым, жазу-сызу, білім-ғылым, мәдениет-өнер Шумерде бастау алып, өркендеген. Осы жерде ең ерекше жағдай Шумер мемлекетін құрғандардың этникалық, олардың жазу-сызуының тілдік негізі, наным-сенімінің түбірі, Батыстық зерттеулер үшін әлі күнге құпия. Сірә да шумерлік «баба тарихы» өзінің мұрагері болып табылатын ұрпағына өкпелеп, құпиясын соған сақтап, тарихтың қойнауында тығып отырған болар. Іздеушісі, жоқтаушысы болмаған соң, солай етпеске амалы бар ма?

CAMONITOR.KZ. «Қазақ тіліндегі жарнама сауатсыз жасалғандығына кім кінәлі? Тілдің өзі ме әлде қоғам ба?» - Қазақ тілінің проблемалары көп қырлы және олардың кейбіреулері ұзақ жылдар бойы сол қалпы шешілмей келеді. Осы мәселелердің бірі – сыртқы жарнаманың мүлдем сауатсыз жазылған мәтіндері. Қазақ тілінің танымал насихаттаушысы, kieli7su.kz сайтының бас редакторы Земфира Ержан ұзақ уақыт бойы осы құбылыспен ымырасыз күресіп жүр, бірақ көбінде одан нәтиже жоқ. Мәселенің түпкі тамырлары қайда жатыр және оны қалай шешуге болады?

«Қазақстаннан тыс жерде тұратын қазақтар: олар отанына керек пе және олармен байланысты қалайша жоғалтпауға болады?» - Әр түрлі мемлекеттер шет елдердегі отандастарына қатысты әртүрлі позицияны ұстанып отыр. Біреулері оларды қайтадан отанына қайтаруға тырысады, ал басқалары оларға алыс қашықтықтан барынша қолдау көрсетеді.

«Елге қажетсіз мамандарды жаппай шығаруды тоқтатуға бола ма?» - Бір жағынан, Қазақстан  іс жүзінде жалпыға бірдей жоғары білімді елге айналды, ал екінші жағынан қолдарында дипломдары бар мамандардың арасында жұмыссыздық деңгейі бойынша біз бүкіл ғаламшардың алдыңғы қатарындамыз.

INFORMBURO.KZ. «Көп балалы отбасыларға не себепті атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) тағайындаудан бас тартып жатыр? 5 негізгі себеп» - Informburo.kz атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартудың негізгі себептері туралы айтып береді.

QAZAQTIMES.COM. «Байкот: Ермұрат Бапи сайлаудан неге бас тартты» - "Ақиқат" социал демократиялық партиясының жаңа төрағасы Ерекең – Ермұрат Сейітқазыұлы сайлауға неге байкот жариялағанын және өзінің бюрократиялық пиғалының баяғыдан жоқ екенін. Партия басында да оған жол бермейтінін айтты.

 




Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.