Назарбаев Бейжіңге келді

26 сәуір 09:39 462 рет қаралды


Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Бір белдеу, бір жол" халықаралық форумына қатысу үшін Бейжіңге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Форумның ресми ашылу салтанаты бүгін өтеді. 28 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездеседі деп жоспарланып отыр. Айта кетейік, "Бір белдеу, бір жол" халықаралық форумы Бейжіңде 25-27 сәуір аралығында өтеді. Онда 37 мемлекеттің басшылары кездеседі деп жоспарланып отыр.

Дереккөз: tengrinews.kz


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.