«Бәрі сценарий бойынша жүріп жатыр», «Қазақ-қытай қатынасында Назарбаевтың салмағы әлі басым», «Мәскеу мен Минск арасындағы кикілжіңге не себеп?», «"Ақ жол" сайлауға әйел кандидат ұсынды».

25 сәуір 12:25 1653 рет қаралды

AZATTYQ.ORG. «Қазақ-қытай қатынасында Назарбаевтың салмағы әлі басым» - Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев Пекинде өтетін "Бір белдеу - бір жол" форумына "құрметті қонақ" ретінде қатысады. Бұл сапарында ол Қытай жетекшісі Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізбек. Сарапшылар Назарбаев президенттіктен кетсе де, қазақ-қытай қатынасындағы негізгі тұлға болып қалады деп санайды. 

«"Ақ жол" сайлауға әйел кандидат ұсынды» - "Ақ жол" партиясы 9 маусымда өтетін президент сайлауына кандидат ретінде мәжіліс депутаты Дания Еспаеваны ұсынды.

«Мәскеу мен Минск арасындағы кикілжіңге не себеп?» - Мәскеу мен Минск арасындағы экономикалық және саяси кикілжің ушыға түсті. Ресей Беларусьтен келген алманы жерге көміп жатыр. Беларусь мұнай компаниясы 2019 жылдың соңына дейін Ресей мұнайына балама табуды көздейді. Беларусь сыртқы істер министрлігі "бауырлас екі халықтың достық қарым-қатынасына сызат түсірді" деп Ресейдің Минскідегі елшісі Михаил Бабичті кінәлайды.

«Бәрі сценарий бойынша жүріп жатыр» - Билік партиясының Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс президент сайлауына үміткер ретінде ұсынуы әлеуметтік желіде қарама-қайшы пікір тудырды. Кейбіреулер Тоқаев тың өзгеріс әкеледі деген үміт білдірсе, өзгелері ол экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көлеңкесі болып қалады деп санайды.

QAMSHY.KZ. «Путин мен Ким Чен Ын келіссөзі: ядролық мәселелер талқылануда» - Владивостокта Ресей президенті Путин мен Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын келіссөздер басталып кетті. Бірінші кезеңде мемлекет басшылары оңаша сөйлесті.

365INFO.KZ «Ресейлік БАҚ Тоқаевтың президенттікке кандидатурасын қалай бағалады» - Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан президенттігіне Nur Otan партиясынан үміткер ретінде ұсынылуы қазақстандық қана емес, ресейлік ақпарат алаңында да елеулі оқиға болды. 365info.kz журналистері көрші мемлекеттің медиаторлары біздің еліміздің басты партиясының шешіміне қалай қарайтынын бағамдап көрді.

«Тәжікстан медицинасы пара есебінен өмір сүреді» - Ресми медицина тегін болғанына қарамастан, тәжікстандықтар жыл сайын дәрігерлерге 320 млн доллар пара беріп отыр.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.