Сауд Арабиясында бір күнде 37 адам өлім жазасына кесілді

25 сәуір 2019 10:32 3166 рет қаралды


Сауд Арабиясында 23 сәуір күні терроризм бойынша айыпталған 37 адам өлім жазасына кесілді. Биліктің ресми хабарламасында оларды "экстремистік және террористік идеология" таратқаны үшін жазаланғаны айтылған. 

Өлім жазасы елдің бірнеше аймағында жүзеге асқан. Жазаға кесілгендердің кем дегенде 33-і – шиіттер оның ішінде 11-і 2013 жылы Иранға тыңшылық жасады деген айыппен ұсталғандар деп хабарлады халықаралық Human Rights Watch адам құқықтарын қорғау ұйымы. Қалғандары 2012 жылы Сауд Арабиясы билігіне қарсы наразылыққа қатысқандар. Осылайша биыл Сауд Арабиясында өлім жазасына кесілгендер саны 146-ға жетті. Сауд Арабиясында соңғы рет өлім жазасына кесілгендерді жаппай өлтіру шарасы 2016 жылы болған. Ол кезде билік 47 адамға өлім жазасын қолданған, олардың арасында елге танымал шиіт қайраткері шейх Нимр әл-Нимра да болған. Бұл жағдай исламның шиіт ағымын ұстанатын Иранда жаппай наразылық туғызған.

Дереккөз: qazaqtimes.com



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.