АҚШ-тың жаңа шешімі Иран мұнай экспортын «өлтіруі» мүмкін

24 сәуір 16:51 852 рет қаралды


Жақында АҚШ үкіметі Иранға қарсы экономикалық санкциялардан кешірім етілген бірқатар елді тізімнен алып тастады. Олардың арасында Аустралия, Жапония және Тайуан қатарлы одақтастары мен Үндістан және Қытай сынды ірі елдер де бар. Ресей тарабы бұл туралы мәлімдеме жасап, АҚШ-тың жаңа шешімі Иранның сыртық экспортын «өлтіруді» жоспарлап отыр деп айыптады. 

Түркия СІМ басшысы Мевлут Шавшоғлу да бұл туралы жасаған мәлімдемесінде: «АҚШ-тың Иран санкциясына байланысты жаңа шешімі әлемнің бірқатар еліне кері ықпал етеді», – деген. Үндістан мен Қытай Иран мұнайының басты экспорт көзі саналатын. Жаңа шешім бойынша 2 мамырдан бастап әлем елдері АҚШ санкциясының ықпалына ұшыраудан алаңдап, Иран мұнайын сатып алуды тоқтатады. Бұл  Иранның мұнай экспорты ғана емес, тұтас сырты экспортын күрт құлдыратуы мүмкін. Мәскеудің бұған қарсы мәлімдемесінде: «Теһранның тәуелсіз саясаты Құрама Штатты алаңдатады. Себебі, Иран стратегиялық маңызы бар Орта Шығыстағы қожалығына мүмкіндік бермейді», – деген.

Дереккөз: qazaqtimes.com 


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.