«Украинадағы сайлау – Қазақстан билігі үшін қорқынышты түс», «Жұмыс сұрағандар әкімшілік жауапқа тартқан билікке наразы», «Зеленский айтқандай, сайлау өткізу үшін Имашевтер қызметтен кетуі керек», «Белсенділер жастарды босату талабымен Алматы сотына келді

23 сәуір 13:43 1448 рет қаралды

AZATTYQ.ORG. «Жұмыс сұрағандар әкімшілік жауапқа тартқан билікке наразы» - Биліктен тұрақты жұмыс беруді талап еткен Жаңаөзен тұрғындары өздерін "заңсыз митингі өткізді" деген айыппен әкімшілік сотқа тартқанына наразы. Маңғыстау облысы әкімдігінің өкілі Жаңаөзенде жұмыссыздарға арналған жоба қолға алынғанын айтады.

«Украинадағы сайлау – Қазақстан билігі үшін қорқынышты түс» - Украинада өткен президент сайлауында шоумен Владимир Зеленский жеңіске жетті. Қазақстандық сарапшылар бұл сайлауды «Украина халық билігіне қадам басты» деп бағалады. Азаттық тілшісі «кезектен тыс президент сайлауына дайындалып жатқан Қазақстанда билік демократиялық жолмен ауысуы мүмкін бе?» деген сұраққа жауап іздеп көрді.

«Белсенділер жастарды босату талабымен Алматы сотына келді» - Сәуірдің 22-сі күні Нұр-Сұлтан уақытымен таңертеңгі сағат 11 шамасында Алматы қалалық соты алдына бір топ белсенді жиналып, жексенбі күні сайлауға байланысты акция өткізіп, ұсталған жастарға қолдау білдірді. Акцияға жиналғандар "жастарды босатыңдар!", "біздің таңдауымыз бар!" деп айғайлап, ұсталған белсенділердің апелляциясын қарайтын соттан шешімнің күшін жоюды талап етті.

ABAI.KZ. «Зеленский айтқандай, сайлау өткізу үшін Имашевтер қызметтен кетуі керек» - Владимир Зеленский. Бұл - өзіміз секілді кеңестің кесір жүйесін, қандықол саясатын көрген, 1991 жылы бізден бұрын Тәуелсіздік алып шыққан украин халқының алтыншы президенті.

«Ілиястің шынайы түр-тұлғасы қандай болған?» - «Ілияс өмірінде көзәйнек тақпаған» деген сараптама материал «Abai.kz» ақпараттық порталында жарияланғаннан кейін көп арасында біраз пікір тудырғаны мәлім. Бірі жақтады, бірі даттады.

INFORMBURO.KZ. «ҚР Президент сайлауына үміткер болуға тыйым салатын 107 диагноз. Бұл – қандай аурулар?» - "Ашық үкімет порталының" сайтында ҚР Президенттігіне үміткерде болмауы тиіс 107 түрлі психикалық аурудың тізімі жарияланды.

AIKYN.KZ. «Сыртқы қарызды қайтеміз?» -  Қарыз, әсілі, жақсы сөз емес. Қай тұрғыдан да біреуге борыштар болу – ар мен абыройдың сынағы. Бұл тұрғыдан біздің ел үлкен сынақтың үстінде тұрғандай. Себебі, қарызымыз көп. Ұлттық банктің жыл басында таратқан мәліметі бойынша мемлекеттің сыртқы қарызы 158,8 млрд доллар болған.

«Ілияс Исаев, экономист, ғалым: ебін тауып екі асайтындар жетеді» - Алдымен «қазір Қазақстан қандай қоғам орнатып жатыр?» деген сұраққа жауап беріп алайық. Біз капиталистік қоғам орнатып жатырмыз. Ал жалпы капиталистік қоғамнан басқа бірнеше қоғамдық-экономикалық формация бар: құлдық қоғам, феодализм, капитализм, сосын социализм.





Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.