Назарбаев президенттіктен кетуге "үш жыл дайындалғанын" айтты

23 сәуір 2019 13:38 2348 рет қаралды


Қазақстан астанасында өткен "Нұр Отан" партиясының съезінде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев "өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға үш жыл дайындалғанын" айтты.

- Саналы шешім қабылдадым. Мұндай шешімдер бір күнде қабылданбайды. Бір ай да аз. Құпиясын ашсам, үш жылдан астам уақыт дайындалдым. Бәрін жан-жақты зерделедім. Болашақты бағамдап, өткенді сараладым. Кадрларға зер салдым. Осы уақытқа дейін бәрін тәрбиелеп, әрбіріне сенім арттым. Сөйтіп, осындай шешімге келдім, - деді ол.

Назарбаев "Осы уақытқа дейін халықтың сенімін ақтасам, мен - бақытты адаммын, бақытты саясаткермін" деді.

Басылымдар съезд соңында Назарбаевтың көзіне жас алғанын жазды.

23 сәуірде өткен съезд кезінде Назарбаев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты 9 маусымда өтетін президент сайлауына кандидат ретінде ұсынып, артынша "Нұр Отан" оның кандидатурасын бекітті.

Дереккөз: Азаттық радиосы

 



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.