Шри-Ланкадағы жарылыстардан қаза тапқандар саны 160 адамға жетті

21 сәуір 2019 13:38 2313 рет қаралды


Шри-Ланкадағы қонақүйлер мен шіркеулерде қаза тапқандар саны 160 адамға жетті, 360-тан астамы зардап шеккен, деп хабарлайды РИА Новости.

Жергілікті Ada Derana басылымы жазғандай, католиктік Пасха мейрамын тойлау кезінде барлығы алты рет жарылыс болған: Коломбодағы Shangri-La, Cinnamon Grand және Kingsbury  бес жұлдызды қонақүйлерінде және Котахена, Негомбо мен Баттикалоа қалаларындағы үш шіркеуде.


"Құрбандар көп, олардың арасында шетелдіктер де бар", - деп мәлімдеді экономикалық реформалар мен мемлекеттік бөліс министрі Харша де Силва.

Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр, жарылыс болған шіркеулер мен қонақүйлердің аумағы қоршалған. Коломбо халықаралық әуежайында қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Дереккөз: sputniknews.kz



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.