Мюллердің баяндамасы Трамптың беделін түсірді

21 сәуір 2019 08:39 889 рет қаралды


АҚШ-та арнайы прокурор Роберт Мюллердің баяндамасы жарияланғаннан кейін Президент Трамптың беделі төмендеп кетті. 

Сауалнамаға қарағанда Ақ үй қожайынын азаматтардың тек 37 проценті қолдайтынын айтқан. Наурыз айында бұл көрсеткіш 43 процент болатын. Тұрғындардың басым бөлігі Трамп арнайы прокурордың тергеуіне ықпал етуге талпынды деп санайды. Сондықтан оған сенімсіздік білдіруде. Еске сала кетейік, бірер күн бұрын АҚШ Конгресі Ресейдің 2016 жылғы сайлауға араласуын тергеген прокурор Мюллердің баяндамасымен танысты. Артынша демократтар құжатқа көңілдері толмайтынын жеткізді. Себебі Әділет министрлігі «Ресей сайлауға араласпаған және Трамптың Кремльмен байланысы жоқ» деген қорытынды шығарған еді.

Дерекөз: 24.kz



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.