«Президент Назарбаевсыз 30 күн», «Экономикалық одақтың төрағасы атану Елбасымызға қандай пәрмен бермек?», «Жақындарын билікке тарту үдерісінде Орта Азия елдері көш бастап тұр», «"Балуан шолақты" көргенде...».

19 сәуір 09:52 1845 рет қаралды

AZATTYQ.ORG. «Президент Назарбаевсыз 30 күн» - Қазақстанды 30 жылдай үздіксіз басқарған Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкаға кеткеніне 30 күн болды. Сарапшылар Азаттыққа осы уақыт ішінде елдің саяси өмірінде не өзгергенін, ненің сол күйі қалғанын баяндады.

«"Бұл – қылмыс". Сақ қорғандары қоқыс орнына айналған» - Сәуірдің 18-і - халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні. Бұл күн 1984 жылдан бастап атап өтіледі. Алматының солтүстік-батысындағы Алатау ауданы аумағында 12 оба бар. Олардың кейбірін тұрғындар қоқыс төгетін орынға айналдырған.

QAMSHY.KZ. «Экономикалық одақтың төрағасы атану Елбасымызға қандай пәрмен бермек?» - Мұндай лауазым бұрын-соңды болмағандықтан Елбасы қандай пәрменге ие болатыны әзірге белгісіз. Төраға лауазымын сайлау мәселесі алдымен үстіміздегі жылдың 29 сәуірінде одаққа  мүше мемлекеттердің премьер-министрлері арасында, 30 сәуірде үкімет басшыларының арасында талқыланады. Қорытынды шешім 29 мамырда мерейтойлық жиында айтылады.

«Байлыққа ұмтылу: өз қаражатымызды тиімді басқарудың жолдары қандай?» - Біз бай болғымыз келеді. Күн сайын дәулетті болудың жолдарын іздеп, түрлі ақпарат көздерін ақтарып, табысты арттырудың сырларын кітаптардан қарап, бизнес-мотиваторлардың тренингтеріне құлағымыз түрік жүретіні шындық. Алайда өз қаражатымызды басқаруға келгенде түрлі сәтсіздіктерге ұшырап, ісіміз кері кетіп жатады. Мұның барлығы қаржылық сауаттылықтың жоқтығынан немесе байлық іргетасының дұрыс қаланбауынан. Есепсіздің есесі кетеді деген сөз осы орайда айтылса керек.

TURKYSTAN.KZ. «"Балуан шолақты" көргенде...» - Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша жазушы Дулат Исабековтің сценариі негізінде түсірілген «Балуан Шолақ»  көркем фильмі бүгіннен бастап кинотеатрларда көрсетілімін бастады.

«Сұрағы көп көлік тұрағы» - Бейресми деректерге сүйенсек, жер бетіндегі автокөлік саны 1 миллиардқа жуық. Ширек ғасыр бұрын небәрі 500 миллион болған темір тұлпар ендігі отыз жылда 2 миллиардтан асады дейді мамандар. Автокөлік көбейген тұста экология мен экономика мәселесінен бөлек, көлік тұрағының түйткілі күн тәртібінен түспей келеді.

INFORMBURO.KZ. «Қаралы үй. Қазаның жолы ауыр дейтін қазақтың салт-дәстүрі неге ұмыт қалды?» - Қаралы үй үш күн бойына қазан көтеріп, ас пісірмеген. Адам қаза болғанда ерекше құрмет көрсетіп, оның аманатын орындауға тырысады. Алайда аза тұтып отырған үйде ас та төк дастарқанның жайылуы молдаларды да алаңдата бастады. Тіпті қаралы үйдің жайған дастарқан мәзірінде болуы тиіс тағамдар тізімін де жасап қойды. 

QAZAQTIMES.COM. «Жақындарын билікке тарту үдерісінде Орта Азия елдері көш бастап тұр» -  Әлемнің бірқатар елінде мемлекет басшыларының отбасы мүшелерін, туған-туыстарын билікке тарту үрдісі күшейіп барады. Бұл үрдісте пост-кеңестік елдер көш бастап келеді. Бұған дейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтың кіші қызы Шахнозаның Білім беру министрлігінде басқарма төрағасы болып отырғаны белгілі еді. Жақында елдегі оппозициялық басылымдар президент Мирзиеевтің үлкен қызын Ақпарат және коммуникациялар агенттігінің директоры етіп тағайындағанын жазды. 



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.