Кесарь тілігімен босану көбейді

15 сәуір 19:20 1723 рет қаралды


Атырауда соңғы жылдары кесарь тілігімен босану саны едәуір өсті, деп хабарлады «АЖ»-ға облыстық перинаталдық орталығы. Егер 2016 жылы осындай әдіспен 1500 сәби дүниеге келсе, 2017 жылы – 1603, ал 2018 жылы -  1614 сәби өмірге келген.

- Кесарь тілігінің ота жасауды қажет ететін патологиялық босану кезінде қолданылатыны белгілі, - дейді перинаталдық орталықтың босандыру бөлімшесінің меңгерушісі Айгүл ШМАЛИНА. – Жыл сайын бұл көрсеткіш әртүрлі болады, бірақ соңғы кездері көбейіп келеді. Алайда кесарьмен бірге табиғи босану пайызы да артқанын атап өткен жөн. Біз әйелдерді табиғи жолмен босандыруға тырысамыз. Олардың денсаулықтары үшін дұрысы осы. Ал жатырында тыртығы бар әйелдер тағы үш рет, әрі кеткенде төрт рет босана алады.

- Қандай жағдайда кесарь тілігі жасалады және оның зияны қандай?

- Біздегі ең көп тараған көрсеткіш – қан кету. Әйелдің өзінің босанғаны жақсы, әрине. Өйткені кесарь тілігінен кейін ана өлімінің пайызы өте жоғары болады. Егер бұрын кесарь тілігін жасы келген аналарға жасасақ, қазір оларды да табиғи жолмен босандыруға тырысамыз.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.