Қаламқас кен орнындағы техногендік апат жойылды

15 сәуір 15:56 543 рет қаралды


Қаламқас кен орнындағы №8237 ұңғымасында техногендік апат жойылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "КӘАҚҚ РОШ" ЖШС-і "Ақберен" Маңғыстау филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

19 құтқарушыдан құрылған жедел топ 2019 жылдың 25 наурызы мен 4 сәуір аралығында ұңғыма сағасында кезекшілік тәртібімен  бөлшектеу жұмыстарын  атқарды. Саға  шахтасы  тазаланып, О 426 шегендеу бағанының жоғары  бөлігі тегістелді. О 426 мм бағанына бағаналық фланецтің  монтажы жасалып, гидравликалық қосарланған оймалы превентор құрастырылды. Превенторды басқарудың негізгі пульті іске қосылды. 



Бұрғылау ерітіндісіне арналған ыдыстар қамбадан шығарылып, ұңғыма аумағынан  әріге алынып тасталды.  Осыдан соң, бұрма желілері  монтаждалды. Ұңғыма сағасындағы газ-ауа  ортасына метанды анықтауға арналған  өлшеу үнемі жасалынып, ол теріс нәтиже көрсетті. Қаламқас  кен  орнында  "КӘАҚҚ РОШ"  ЖШС-і "Ақберен"  Маңғыстау  филиалының "Урал-44202" жедел вахталық көлігі,  "Урал-44202" жедел жүк көлігі, "Санг Ионг" көлігі және "Камаз-43118"  базасындағы  жылжымалы  жөндеу  шеберханасы,  бұранда кесуге арналған станциясы бар гидравликалық құрылғы,  қолмен  тұрба  кескіш, станциясы  бар  гидравликалық  гайкакескіш сынды бірқатар техника мен құрал-саймандар  қолданылды. 

"Кәсіби  әскерилендірілген  авариялық  құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы" жауапкершілігі  шектеулі серіктестігі "Ақберен"  Маңғыстау филиалының 19 құтқарушысы 9 күн бойы Қаламқас кен орнында кезекшілікте болып, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын абыроймен  атқарды. Ауа-райының қолайсыздығы мен апаттың зардабына қарамастан, жедел топ мүшелері асқан жауапкершілік пен қалтқысыз қырағылықпен  тапсырманы мүлтіксіз орындап шықты.   


"Ақ Берен" жедел тобының бірқатар құтқарушысы ұңғыма маңында тәулік бойы кезекшілік атқарып, газауа ортасына тұрақты өлшеу жасауда.  Қаламқас  кен  орнында өрт орын алғаннан бері мамандар жұмыс істеп, ұңғымадағы  құбыраралық  аумақтың  қысымын  зерттеп,  ауадағы газдың мөлшерін тексеруде. Қазір № 8237 ұңғыманың айналасында грифонбөлінісі және ұңғыма  сағасындағы  газауа ортасындағы метанның көлемін анықталмай отыр.

Дереккөз: tengrinews.kz




Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.