Жолаушылар ұшағы тікұшақпен соқтығысты: оқиғаның видеосы шықты

15 сәуір 15:00 309 рет қаралды


Непалдың шығысындағы Лукла қаласының әуежайында болған апаттың видеосын PahiloPost басылымы жариялаған.


Ұшақ ұшу-қону жолағында жақын жерде тұрған тікұшақпен соқтығысқан болатын. Қазір ұшақ пилоты, технигі мен тікұшақ маңында болған полицейдің көз жұмғаны расталды.

Билік өкілдерінің айтуынша, абырой болғанда апат кезінде ұшақта жолаушы болмаған.

Непалда әуежайды айнала қоршаған тауларға байланысты, тіпті, тәжірибелі ұшқыштар үшін де ұшу-қону жолағы ең қауіпті аймақ болып саналады.

Дереккөз: sputniknews.kz

 


Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру