«”Тұңғыш президент – Елбасы”. Мемлекет үшін маңызы қандай?», «Қазақстандағы "үнсіз көктем", параллель билік және Әблязов», «Конгресменнің "Рысқалиев ісін" қозғауы және президент сайлауы», «АЭС салуға қажеттілік бар ма?».

15 сәуір 11:25 1615 рет қаралды

AZATTYQ.ORG. «”Тұңғыш президент – Елбасы”. Мемлекет үшін маңызы қандай?» - Наурызда президент ретіндегі өкілетін тоқтатқан Нұрсұлтан Назарбаев сәуірдің басында «Тұңғыш президент – Елбасы міндетін атқаруға кіріскенін» мәлімдеді. Қазақстандық сарапшылар бұл міндеттің елдің саяси құрылымы мен болашағына тигізер ықпалы туралы пікір білдірді.

«Екінші президенттердің Ташкенттегі алғашқы кездесуі» - Қазақстан президенті Өзбекстанға сапарлайды. Ташкентте екі елдің екінші президенттері бірінші рет кездеспекші.

«Қазақстандағы "үнсіз көктем", параллель билік және Әблязов» - Осы аптада халықаралық басылымдар Қазақстандағы соңғы саяси оқиғаларға баға берген. Президент ауысса да, ескі жүйе өзгермегенін тілге тиек еткен басылымдар алдағы сайлауда ел басшысын халық емес, Назарбаев таңдайтынын жазады. Басылымдар сонымен бірге Дариға Назарбаеваның саяси портретін де жасауға тырысқан. Әлемдік БАҚ бұған қоса, Брюссельде тұсаукесері өткен қуғындағы бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов жайлы кітап жарыққа шыққанын жазған.

«Конгресменнің "Рысқалиев ісін" қозғауы және президент сайлауы» - Осы аптада аймақ баспасөзі АҚШ конгресінде Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев ісінің саяси астары жайлы мәселе қозғалғанын жазды. Басылымдар бұған қоса, президент сайлауы туралы халық пікірін біліп көрген. Петропавлдық сайт "шағын ауылдарды біріктіру" жобасы нәтижесінде қаңыраған елді мекенде қалып қойған тұрғындардың ауыр тіршілігінен репортаж әзірлеген.

CAMONITOR.KZ. «Қазақстанда нақты оппозиция қаншалықты тез арада пайда болады?» - Әлеуметтік желілердің дамуына байланысты қазақстандықтардың өз наразылығын ұйымдасқан түрде білдіріп, белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндігі пайда болды. Осының барлығы азаматтық көшбасшылар мен қозғалыстардың болмағанның өзінде орын алып отыр.

«Қазақтар ең болмағанда өз елінде бәсекеге қабілетті ме?» - Тіпті қазір де, тәуелсіздіктің 29-шы жылында, қазақтар өз елінде ең төмен қамтамасыз етілген болып қала беретіндігі туралы жиі естуге болады: олардың арасындағы жұмыссыздардың проценті де басқа этностар өкілдеріне қарағанда жоғары, жалпы өмір сүру деңгейі де ең төмен, әлеуметтік көңіл-күйі де нашарлау.

«Қазақстанда кадрлық дағдарысты болдырмау мүмкін бе?» - Қазақстанда кадрлар даярлауды жоспарлаумен ешкім айналыспайды деген сезім қалыптасып отыр. Жоғары оқу орындары да, бейінді ведомстволар да отандық экономиканың мамандарға деген нақты қажеттілігі қандай екенін білмейді.

JASQAZAQ.KZ. «АЭС салуға қажеттілік бар ма?» - Президент Қ.Тоқаевтың Мәскеуге сапары барысында Ресей тарапы елімізде АЭС салуды ұсынды. Терістіктегі көрші стансаны орыс технологиясымен салынғанын қалайды. Біздің үкімет бұл мәселеде асықпайтынын, халықтың пікірі ескерілетінін, әсіресе қандай технология қажеттігін өзіміз шешетінімізді мәлімдеді. Дегенмен, АЭС салу мәселесі қоғамда қызу талқыланып жатыр. Осыған орай депутат пен ғалымның пікірін білдік. 

INFORMBURO.KZ. «Қазақ терминалогиясының соры. Ғалымдардың жүйкесін тоздырған, заңгерлерді сенделткен не?» - Мемлекеттік тілдің бағы неге байлаулы? Термин саласындағы сорақылықтар туралы ғалымдар мен депутаттар не дейді? Қалай шешілмек?

ALASHAINASY.KZ. «Әкелерінің ықпалы бар ма: Елімізде шенеуніктердің ұл-қыздары лауазымды қызмет атқарып жүр» - Елімізде лауазымды қызметте болған немесе атқарып жүргендердің ұл-қыздары да соңғы жылдары мемлекеттік қызметте төбе көрсетуде. Олардың көбі жастығына қарамастан маңызды жұмыстардың құлағын ұстаған.





Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.