Қазақстан елшіліктерінде инвестицияны басқару кеңселері құрылады

12 сәуір 2019 16:08 864 рет қаралды


Бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігі өзара іс-қимылдың тікелей тізбегін құру бойынша Қазақстанның шет елдердегі елшіліктерінен бастап елдің жергілікті атқарушы органдарына дейін белсенді жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. 

Осыған байланысты ҚР СІМ-де, әкімдіктерде және шетелдердегі мекемелерде инвестициялық жобаларды басқару бойынша фронт-кеңселер құрылатын болады. Қазіргі кезеңде инвестициялық жобалар жөнінде кеңес беруді, оларды сүйемелдеу және мемлекеттік қызмет көрсетуді қарастыратын айтылған фронт-офистердің жұмысы жөнінде жауапты және мүдделі тараптар келісім алу бойынша әрекет етуде. 

Сондай-ақ, ағымдағы жылы фронт-офистердің ақпараттық платформасы ретінде қолданылатын жобаларды және инвесторларды онлайн режимде сүйемелдеу СRM (Client relationship management) жүйесі іске қосылды. Аталмыш жүйе бірыңғай электронды мәліметтер базасында онлайн режимде жобалар, инвесторлар және өтініштер туралы өзекті ақпараттың қалыптасуын, сонымен бірге инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы бойынша мониторингін қарастырады.  

Дереккөз: inform.kz



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.