«ЕҚЫҰ Қазақстандағы сайлауды демократиялық деп тани ма?», «Қазақстандық құқық қорғаушы Байқоңыр мэрімен соттасып жүр», «Оппозициялық топтар сайлауға қатысудан бас тартуда. Неге?», «Армения Әзірбайжанға неге доқ көрсетті?».

12 сәуір 11:05 2001 рет қаралды

 AZATTYQ.ORG. «ЕҚЫҰ Қазақстандағы сайлауды демократиялық деп тани ма?» - Маусымның 9-ында президент сайлауы өтетінін жариялап тұрып Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саяси бәсеке "адал, ашық әрі әділ" болатынын айтты. Сәуірдің 10-ында өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында оның төрағасы және Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев сайлауды "заңды түрде" және "демократия нормаларын сақтай отырып" өткізу керектігін айтты. Бұл туралы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Қазақстандағы сайлауды үнемі бақылап келген Демократиялық институттар мен адам құқықтары бюросының (ДИАҚБ) ресми өкілі не ойлайды?

«Қазақстандық құқық қорғаушы Байқоңыр мэрімен соттасып жүр» - Байқоңыр қалалық соты қала мәрі Константин Бусыгиннің жұмысын сынаған қазақстандық құқық қорғаушы Марат Дәулетбаевты "жала жабу" бабы бойынша айыпты деп таныды. Дәулетбаев сот шешімімен келіспейді. Ол өз көзқарасының дұрыстығын дәлелдемек.

«Кірленген туды көрген Пашинян кеңсе қызметкерлерін жұмыстан қуды» - Құқық қорғаушылар Армения премьер-министрінің "дөрекі" әрекетін сынады.

«Суданды 30 жыл басқарған президент биліктен кетті» - 11 сәуірде Судан қорғаныс министрі мемлекеттік телеарнадан мәлімдеме жасап, ел президенті Омар әл-Баширдің биліктен кеткенін мәлімдеді.

«Президент сайлауына оппозиция үміткер ұсына ала ма?» - Бүгін Алматы уақытымен 15:00-де AzattyqLIVE тікелей эфирінде Қазақстанда биыл 9 маусымда өтетін президент сайлауы, оған оппозициялық күштердің үміткер ұсыну мүмкіндігі талқыланады. Хабарға оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлин қатысады.

 QAMSHY.KZ. «Қазақтың рухын әуелі патшалық Ресей, сосын Кеңестік Ресей өшіріп тастаған...» - Кейде мына бір тарихи деректерге қарап отырып, осы қазақты ең көп қырған, ең көп жерін тартып алған, ең көп қорлық-зорлық көрсеткен кім деген ойға кетемін. Сосын осы күнгі қазақтардың отырып алып жоңғар шапқыншылығы, батыр бабаларымыз, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен деген сияқты желдірме сөздерді қайталаудан үлкен-кішісінің аузы босамайтыны есіме түседі. Оларды одан әрі тыңдап отырсаң өзбек пен арабты қала берді тілі, діні, жер-суы үшін Ресеймен арпалысып жатқан украиндарды жамандайды.

«Оппозициялық топтар сайлауға қатысудан бас тартуда. Неге?» - Күні кеше әлеуметтік желілерден белгілі саясаткер, бірқатар сайлауға түскен азаматтардың жанында жүрген Әміржан Қосанов тікелей эфирге шығып, желі қолданушылармен пікірлесті.

ABAI.KZ. «Киелі бесіктің таңғажайып тарихы туралы...» - Дала өркениетінде тал бесік қай уақытта да қажеттілігі жойылмайтын, уақыт қанша өтсе де қасиеті өзгермейтін, тұрпаты қайталанбайтын дара мәдениеттің жемісі. 

TURKYSTAN.KZ. «Армения Әзірбайжанға неге доқ көрсетті?» - Таулы Қарабақтың Армения мен Әзірбайжан арасында талас-тартысқа түскеніне жиырма тоғыз жылдың жүзі. Содан бері бұл мәселе мемлекетаралық емес, халықаралық дауға айналып үлгерді. Билік басына келгендер де бітіспес түйткілді шешуге қанша тырысса да, қолдан келер қайран жоқ. Тіпті, бітімгерлік келісімнің бұзылғаны үшін бірін бірі айыптайтын екі тарап кәдімгі «мысық пен тышқанның» ойынын ойнап жүр.

«Дәріханалар жүйесі саулық кепілі ме, бизнес пе?» -  Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасының тым қымбат екендігі және әр дәріханада түрлі бағада сатылатыны талайдан айтылып келеді. Жуырда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің барлық дәрі-дәрмектерге бағаны реттеу құзіретін беретін ҚР Заңының нормасы күшіне енді. Енді дәріханалардағы дәрі бағасы бір қалыпқа түседі.





Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.