Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтауға ұшып келді

11 сәуір 15:55 1011 рет қаралды


Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтауға ұшып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Президенттің баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәлиге сілтеме жасап. 

"Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ақтау қаласына келді", - деп жазды Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында. 

Оның айтуынша, сапар барысында бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап көру, теңіз сауда портының жұмысымен танысу, сондай-ақ, Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесу жоспарланып отыр екен. 

Осыған дейін, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничий мен Халықаралық ынтымақтастық және ашық дипломатия жөніндегі Ресей қоғамдық кеңесінің төрағасы Сергей Орджоникидзені қабылдады.

Дереккөз: tengrinews.kz


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.