​Ақсуда ер адамның өзін-өзі өртеуінен бір адам қайтыс болып, 13 адам жарақат алды

4 сәуір 2019 09:40 706 рет қаралды


Олардың төртеуі жан сақтау бөліміне жеткізілсе, тағы бес адам ыс тиіп уланған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі. 

Бұл туралы жедел жәрдем медициналық көмек облыстық станциясында хабарлады. 

- 3 сәуір сағат 20:51-де Ақсу қаласының Бауыржан Момышұлы көшесінің бойында жеке меншік үйдің өртеніп жатқаны туралы ақпарат келіп жетті, - деп хабарлады жедел жәрдем медициналық көмек облыстық станциясында. – Куәгерлердің айтуларынша, сол күні қайтыс болған ер адам жұбайының туған күні болған. Қонақтар дастархан басына жиналғаннан соң 50 жастағы отағасы үйден шығып кеткен. Соңыра оралған ол бес литрлік бензин канистрасымен үйге қайтып кіріп, балаларды үйден шығаруды өтінген. Жұбайы өтінішті орындағаннан соң ер азамат сіріңкені тұтатып, өзін-өзі өртеп жіберді. 

Облыстық жедел жәрдем станциясының өкілдері ақпарат жеткізгендей, ер азаматты өз-өзіне қол жұмсауды болдырмауға тырысқан достарын жалыннан күйік шалып, олар Ақсудың орталық ауруханасына жеткізілді. 

Нәтижесінде үйдің иесі көз жұмып, 13 адам жарақаттанды: төрт адам жан сақтау бөліміне жеткізілсе, бес ересек пен төрт бала ысты газбен уланды. Өрт 30 шаршы метрлік ауданды шарпыды. Үш бөлмелі үйдің ас үйі, жиһазы, тұрмыстық техника мен үй заттары толығымен жанып кетті. Шатырдың бір бөлігі құлап түсті.

Дереккөз: Рavlodarnews.kz



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.