Айдос Сарым: Тоқаев – өз сөзінде тұратын адам

20 наурыз 10:38 731 рет қаралды


Саясаттанушының айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын ұстанатын болады.

Саяси ортада Қасым-Жомарт Тоқаевты өте бағалы кадыр ретінде санайды. Оның кәсіби шеберліктері жайлы саясаттанушы Айдос Сарым Zakon.kz тілшісіне айтып берді.

- Бұл Қазақстанның бірден бір тәжірибелі саясаткерлерінің бірегейі. Оны әлімдік деңгейде мойындаған. Оның БҰҰ бас хатшысының орынбасары болғанын және оны басқара алу мүмкін екендігін де ұмытпаған жөн. Қасым-Жомарт Тоқаев біздің мемлекеттік қызметтің барлық баспалдағынан өтті, жоғары лауазымдарда қызмет атқарды, оның саяси тәжірибесі мол. Жалпы алып қарайтын болсақ, бұл фигура қазір көпшіліктің көңілінен шығатын адам: саяси қауымдар, элита. Оның ерте ме кеш пе басшының әлеуетті мұрагері болатынын белгілі еді, қоғам бұған бұрыннан дайын болды. Бұда тұрған ештеңе жоқ, - деп санайды Айдос Сарым.

Саясаттанушының айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын ұстанатын болады.

- Тоқаев, экстремалды қадамдарға бармайтын бірқалыпты көзқарасты адам, бұл - бір. Екінішіден, бірқалыпты-консервативтік көзқарастағы адам ретінде оған радикалды көзғарастар жат. Сондықтан таңдау оған түсті. Ол өз сөзінде тұратын адам. Тоқаев Назарбаевтың саясатын ұстанатынуы мүмкін. Бүгінгі күні ол нағыз мұрагер болып табылады. Қазіргі таңда саяси жүйеде шешім қабылдау қиын болып кетті. Осыған байланысты қазір ресми түрде қабылданған шешімге оның шенеуніктік тәжірибесі дәл келеді, - деді саясаткер Айдос Сарым.

Дереккөз: zakon.kz


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.