«Белсенділерді "тұрақтылық" үшін қудалап жатыр ма?», «Күндердің күні Кремльден Қазақстан да теріс айналады», «Жалпыға бірдей декларация. ҚР Қаржы министрлігіне қандай қаржы мен мүлікті көрсету қажет?», «Астана немесе Алматы: қайсында өмір қымбатырақ?».

19 наурыз 2019 12:17 2299 рет қаралды

AZATTYQ.ORG. «Белсенділерді "тұрақтылық" үшін қудалап жатыр ма?» - Қазақстандық құқық қорғаушылар азаматтық белсенділікті тұқырту тенденциясы күшейгенін айтады. Батыс елдері Қазақстан билігін заңсыз тұтқындау мен саяси себеппен қудалауды тоқтатуға шақырды. Астана өз атына айтылған сынға "елде адам құқықтары сақталып отыр" деп жауап берді.

«Жанжалдан соң жабылған жолдар қайта ашылды» - Қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдайды реттеу жайлы келіссөздер аяқталғаннан кейін, жанжалға байланысты жабылып қалған Исфара-Ворух және Баткен-Лейлек жолдары қайта ашылатыны хабарланды. Тараптар шекара маңындағы жанжалға кінәлілер жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

«Атамбаев Жээнбековті Бакиевке теңеді» - Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев Ақсы оқиғасының 17 жылдығына арналған еске алу шарасында қазіргі президент Сооронбай Жээнбековті елде "отбасылық-кландық билікті" қайта орнатты деп айыптады. Ол Жээнбековті билікке әкелгені үшін халықтан кешірім сұрайтынын айтты. Сол күні басқа шарада сөйлеген Жээнбеков биліктегі кландық басқаруға қарсы екенін мәлімдеді.

«Қолдан жасалған кесел. Синтетикалық есірткі шырмауы» - Қарағанды облысының мамандары аймақты синтетикалық есірткі басып бара жатқанын айтады. Сот сарапшылары мен заңнама үнемі өзгеріп отыратын синтетикалық есірткінің формуласын анықтап үлгермейді. Есірткіге тәуелді жандар мен туыстарын анонимді кабинетке жәрдем сұрап баруды кешеуілдетпеуге шақырған дәрігерлер оны елемеудің соңы опық жегізуі мүмкін екенін ескертеді.

365INFO.KZ «Астана немесе Алматы: қайсында өмір қымбатырақ?» - Ресми Астанада немесе қаржы қаласында — қайда өмір сүру тиімді? WE порталы қыздардан қанша ақша жұмсайтындарын сұрастырып, Астананы әркімнің қалтасы көтере бермейтінін, ал Алматыда қарапайым табыспен өмір сүруге әбден болатынын анықтады.

«Орталық Азияның жартысы орыс тілінде сөйлемейді» - Орталық Азиядағы орыс тілінің болашағы қандай? Әзірге бұл ашық мәселе және болашағы айқын емес.

INFORMBURO.KZ. «Жалпыға бірдей декларация. ҚР Қаржы министрлігіне қандай қаржы мен мүлікті көрсету қажет?» - Біз декларация туралы толық ақпарат бере отырып, оның ішінде нені көрсету міндетті, ал нені көрсету шарт емес екендігін айтамыз.

CAMONITOR.KZ. «Қазақтардың екіге бөлінген әлемі: орысшаландырылған жаңғырту қандай жағдайға әкелді?» - Біраз уақыт бұрын біз «Егер ертең елімізде кенеттен барлығы қазақ тілінде сөйлейтін болса...» атты жарияланымда тіл проблемасының, біздің ойымызша, бір маңызды аспектісін қозғадық. Бұл мақала кең көлемді қоғамдық резонанс тудырды. Оған өз пікірін білдіргендердің бірі, философия ғылымдарының докторы, профессор Рүстем Қадыржановқа сөз кезегін береміз.

DALANEWS.KZ.  «Қазақтың ұйқысы тыныш емес. Жүйкесі тыныш емес…» - Ауылдың жағдайы біткен соң, қазақ қалаға қарай ағылды. Қаладағы туысы бар болса, жақсы. Жақсы болғанда, оның да жағдайды мәз емес. Туыстың көбісі ауылда қозы қамайтын қорадан да кішкентай қуыс үйде отыр.

«Халқың бұралып жүргенде сенің үріп ішіп, шайқап төгіп жатқаның жөн бе?» - Әйгілі Құдайберген Сұлтанбаевтың көзі тірісінде берген сұхбаты әзір байлығымен мақтанып, не жеп, не қойып жүргенін «жарнамалаудан» жалықпайтын бірталай әнші-әртістерге үлгі боларлықтай екен.

«Күндердің күні Кремльден Қазақстан да теріс айналады» - «Әбден сүйкімі кеткен Ресейдің саусақпен санап аларлық одақтасы қалды. Соның бірі – біз. Кремль Қазақстанды ел құрлы көрмейді, алайда. Егемендік алғанын елеп-ескеріп отырған ол жоқ. Біз олар үшін Федерация құрамындағы 86-субъектінің санатындамыз баяғыдан.




Тақырып бойынша жаңалықтар



Array
Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.