Тоқсанды да, оқу жылын да қадағала

15 наурыз 09:43 325 рет қаралды


- Қазір қағаз күнделіктер жойылды, баланың бүкіл бағасын логин мен құпия сөзді енгізіп, Kundelik.kz сайтынан бақылауға болады. Бірақ кейбір мұғалімдер электронды күнделікке бағаларды, әсіресе, СОР мен СОЧ-ты кешіктіріп қояды. Сондықтан тоқсан аяқталғанда тоқсан бағасын жақсартуға кеш болады. Сұрақ: мұғалім бағаны сол күні қоюы тиіс пе әлде кешіктіруге бола ма?

Атырау тұрғыны

Сұраққа білім беру бөлімінің әдіскері Фариза МАЙЛАШЕВА: жауап берді:

- Тоқсан ішінде балалар бағдарламаны игергені үшін формативті бағалар, яғни, цифрдың орнына, мәселен, «Жарайсың», «Өте жақсы», «Жақсы» деген бағалау сөздер алады. Ал тоқсан аяғында, шамамен бір апта бұрын, балалар бағдарламаны қаншалықты жақсы игергенін көрсететін СОР (бөлім бойынша жиынтық бағалау) және СОЧ (тоқсан бойынша жиынтық бағалау) жазады.  Осы «бақылау жұмысы» үшін бағаларды мұғалімдер соңғы күні қояды, сондықтан бұл жағдайда тоқсандық бағаны түзету қиын. Қазір мұндай жүйемен бізде 4-сыныпты қоспағанда, 1-8 сынып оқушылары оқып жатыр. Жалпы, баланың оқу үлгерімі жақсы болу үшін ата-анаға мұғаліммен тығыз қарым-қатынаста болу керек. Сонда тоқсандық бағаға қатысты уайым да болмайды. Электронды күнделіктегі ағымдық бағаларға келер болсақ, білім беру бөлімі олардың уақытында қойылып отыруын қадағалауға тырысады.

Таныс ата-анадан:

- Мен сынып жетекшісіне апта сайын хабарласып, баламның оқу үлгерімі туралы сұраймын. Қай жерде және нені нақтылап, қайталау керектігін білемін. Үнемі бақылауда болғандықтан тоқсан аяғында «тосын сый» болмайды.

Дайындаған Анастасия АЛЮШИНА 

Суретті түсірген автор


Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру