АҚШ сенаты Сауд Арабиясын қолдауға қарсы шықты

14 наурыз 14:50 180 рет қаралды


АҚШ сенаты Йеменде Сауд Арабиясына қолдау көрсетуді тоқтату туралы қарар қабылдады. Құжатты 54 сентор қолдап, 46-сы қарсы шықты. 

Енді жобаны конгрестің төменгі палатасы талқылайды. Егер қауымдар палатасы келісімін берсе, президент Трамп 30 күннің ішінде оған қол қоюы тиіс. Алайда Ақ үй басшысы қарарға вето қоюға ниетті. Себебі, оның пікірінше, АҚШ қақтығысқа тікелей араласып отырған жоқ. Вашингтон Эр-Риядқа тек логистикалық көмек көрсетіп, қару-жарақпен қамтамасыз етуде. Еске сала кетейік, Йеменде президент Абд Раббу Мансур Хади әскері мен шейіт көтерілісшілері арасындағы соғыс 2014 жылдан бері жалғасып келеді.

 Дереккөз: 24.kz



Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру