«Азаптау, саяси тұтқындар мен цензура», «Гүлнара Каримованы қалай ұстады? Қызының әңгімесі», «Алтай мен Тәңіртаудың арасы: Көшпелінің даласы Қытай иелігіне қалай өтті?», «Әуе апаты неге жиіледі?».

14 наурыз 10:11 1196 рет қаралды

AZATTYQ.ORG. «Азаптау, саяси тұтқындар мен цензура» - АҚШ үкіметі наурыздың 13-інде жариялаған Адам құқықтары туралы жылдық есепте Қазақстандағы саяси тұтқындар, сөз еркіндігін шектеу мен кәсіподақтар жайы сипатталады. Есепті таныстырған АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Шыңжаңда қамалған қазақтар жайлы да айтты.

«Гүлнара Каримованы қалай ұстады? Қызының әңгімесі» - Өзбекстанның тұңғыш президентінің қызы Гүлнара Каримованың еркіндігін бес жылға шектеу туралы үкімді сот асүйде шығарған. Бұл туралы британдық журналистерге Гүлнараның қызы Иман айтып берді.

ABAI.KZ. «Отбасылық өмір көпшілікке ұсынылатын қызықты шоу емес» - Отбасы - кішкентай мемлекет. Оның ешкімге жария етпейтін өзіндік ішкі ұстаным-ережелері болады. Неке - бұл екі тағдырдың бір арнада тоғысуы. Ол аса нəзік, сырт көзден тасада өте аялап, абайлап сақталуы қажет қарым-қатынастың басталуы. Көпшілікке ұсынылатын қызықты шоу емес.

TURKYSTAN.KZ. «Сапарбаев және басқалар...» - Басы дау-дамайдан арылмайтын, артынан үнемі сөз еретін министрліктер көп емес. Соның көш басында – Денсаулық сақтау, Білім және ғылым, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тұр. Солай болуы заңды да. Себебі халыққа керегі – балаға сапалы білім беру, денінің сау болуы және қамсыз қарттық.

«Әуе апаты неге жиіледі?» - Апат айтып келмейді. Соңғы уақытта әуе апаттары тым көбейіп кетті. Өткен жексенбіде Эфиопоияда орын алған қайғылы жағдай бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. 157 адамның өмірін жалмаған ұшақ апатынан кейін әуе қауіпсіздігі жайында жиі сөз бола бастады. Бір кездері қауіпсіз көлік саналатын ұшақтардың апатқа ұшырауы неге жиіледі?

«Қаламгерлер  түрлі пікірде...» - Соңғы бір-екі жылдың көлемінде қаламгерлер арасында біреулерге ұнап, енді біреулері құптамайтын «дүмпулердің» бірі – Мәдениет және спорт министрлігінің мына бағдарламасы болды десек, артық айтқандық емес.

QAZAQTIMES.COM. «Алтай мен Тәңіртаудың арасы: Көшпелінің даласы Қытай иелігіне қалай өтті?» - Бүгінде Қытайдың солтүстік-батысындағы Шынжаң провинциясының Алтай, Тарбағатай, Іле, Үрімжі, Санжы, Баркөл және Бұратала өңірлері бағызы заманнан көшпенділердің, соның ішінде қазақты құрған көшпелі тайпалардың ата мекені болғаны белгілі. 2000 жыл ілгері бұл өлкелерді Сақтар, Нүкүздер, Усүндер (үйсін) мекендеген.

QAMSHY.KZ. «Шыңғыс хан қазақтың біртуар ұлы екендігінің тағы бір дәлелі» - Шыңғыс ханның тегі  Қазақ, Алшын, Байұлы, Адай екендігін «Асыл аңыздың» мына деректерінен де анық көруге болады:  «Сонда Үрүйіттің Жүргетайы мен Маңғыттың Құйылдыры Жамуханың ол жерден кетуін күтіп, одан қалыс қалып, Шыңғысханға өзінің, Үрүйіттері мен Маңғыттарын бастап келді. 





Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.