14-21 наурызда Атырауда өтетін мәдени шаралар

13 наурыз 16:58 154 рет қаралды

14 наурыз, 11:00 – «Korisy fest» халықаралық фестивалі (Бейбарыс атындағы орталық алаң)

14 наурыз, 11:00 – «Бір ел – бір кітап» ақпараттық-танымдық шара (Облыстық әмбебап кітапхана)

15 наурыз, 15:00 – «Жайықтан ескен самал жел» - фотосуретші, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Рафхат Халеловтың шығармашылық көрмесі (Ш.Сариев атындағы облыстық өнер музейі)

15 наурыз, 15:00 – «Нарын» халық оркестрінің қатысуымен сазгер, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Балнұр Қадырбектің шығармашылық кеші (Жантөрин атындағы облыстық филармония)

17 наурыз, 18:00 – Үлкен би концерті (Belly Dance, араб-шығыс биі, эстрадалық билер) (Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайы)

18 наурыз, 15:00 – «Бақ-берекем, құт-берекем, әз-Наурыз» атты кітап көрмесі (Облыстық әмбебап кітапхана)

19 наурыз, 19:00 – «Болмаған оқиға» драмасы (Облыстық драма театры)

19 наурыз, 16:00 – «Жасасын, Наурыз дәстүрі» атты қолөнершілердің ұлттық сайысы (Ш.Сариев атындағы облыстық өнер музейі)

19 наурыз, 16:00 –  «Ұлттық ойындар – ұлтымыздың ұлы мұрасы», ұлттық ойындар сайысы (Облыстық әмбебап кітапхана)

20 наурыз, 11:00 – сазгер-этнограф Александр Затаевичтің туғанына 150 жылдығына арналған «Қазақ ұлттық музыкасының майталманы» атты кітап көрмесі (Облыстық әмбебап кітапхана)

20 наурыз, 11:00 – Наурызға музей қорынан картиналар көрмесі (Ш.Сариев атындағы облыстық өнер музейі)


Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру