Итальяндық апелляциялық сот Статидің пайдасына шешім қабылдады

5 наурыз 2019 14:09 1477 рет қаралды


2019 жылғы 1 наурызда Римдегі (Италия) апелляциялық сотқа Молдова кәсіпкерлері Анатоль мен Габриэль Статидің Қазақстанға берген талап арызы бойынша, халықаралық арбитраждық соттың 2013 жылғы 19 желтоқсандағы шешімінің орындалуын мойындады, деп хабарлайды ҚР Әділет министрлігі.

Хабарда айтылғандай, 2019 жылдың 1 наурызында Рим қаласының Апелляциялық соты 2013 жылғы 19 желтоқсандағы төрелік шешім Италия аумағында орындауға жатады деген шешім шығарды және 2018 жылдың 14 мамырында ұсынылған Қазақстан Республикасының қарсылықтарын қабылдамай тастады.

Италияда өндіріп алуға мүмкін болатын ҚР активтері жоқ. Осы орайда, ҚР тәуекелі төмен.

Швед соты алаяқтыққа қатысты шешімді мәні бойынша шығармағандығын итальяндық сот ескерген жоқ. Сондай-ақ, итальяндық сот Республикамен ұсынылған маңызды дәлелдерді қарастырған жоқ. Ал, Стати тарабы бірде-бір рет теріске шығаратын дәлелдер бермеді. Швед сотының шешімінен кейін жаңа дәлелдемелер пайда болды, олар алаяқтық туралы швед сотына ұсынылған дәлелдерді қосымша растай отырып, алаяқтық туралы қосымша дәлелдерді айқындады.

Іс жүзінде, 2017 жылдың маусым айында ағылшын соты ҚР-мен берілген дәлелдемелерді бағалағаннан кейін Стати төрелік шешімді алаяқтық жолмен алғандығы туралы бұлтартпайтын қорытындыға келді. Содан кейін, ағылшын соты Стати тарабына теріске шығаратын дәлелдерді ұсынуға мүмкіндік бере отырып, алаяқтық ісі туралы сот талқылауын белгіледі. Алайда, Стати ағылшын сотында төрелік шешімді тану туралы талқылаудан толығымен бас тартуға шешті. Статиге бұл тек ағылшын соттарына төрелік шешімді тану үшін ешқашан қайта келмейді деген шартпен рұқсат етілді және ол шығындарды өтеуге міндетті.

Әзірше ағылшын соты дәлелдерді бағалап, алаяқтықтың мәні бойынша бұлтартпайтын қорытындыға келген жалғыз сот болып табылады. Ешбір басқа сот итальяндық сотты қоса алғанда әлі күнге дейін дәлелдемелерді бағалап тыңдаған емес.

2015 жыл бойынша анықталған алаяқтық схема газ өңдеу зауытын құқыққа қарсы қолданумен байланысты. Алаяқтық құрал ретінде Статидің кем дегенде екі делдалдық компаниясы қолданылды. Осылайша, алаяқтық арқылы шығындар ұлғайтылды. Бұл, Стати Трибуналға ұсынған және Трибуналмен ақиқат шама деп қабылданған, зауытты жалған бағалауға әкеп соқтырды.

Сол кезде зауытпен байланысы жоқ тағы бір алаяқтық схеманың дәлелдері пайда болды. Төрелік сот талқылауы шеңберінде ағымдағы қаржыландыруды қамтамасыз ететін Стати қаржылық операцияларының бірі қарастырылды. Бұл операция да алаяқтық болып табылады. Бірақ, тыңдау барысында Қазақстанда жеткілікті дәлелдемелер болмады және төрелік трибунал Статидің түсіндірулеріне сенді.

Талқылаулар әрі қарай басқа юрисдикцияларда жалғасуда, онда Статиге алаяқтықты дәлелдейтін, ұлғайып келе жатқан маңызды дәлелдемелерді теріске шығару ұсынылуда.



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.