Трамп Ресейге қарсы салынған санкцияларды тағы бір жылға ұзартты

5 наурыз 2019 11:14 1156 рет қаралды


АҚШ президенті Дональд Трамп 4 наурызда Қырымды басып алуына байланысты 2014 жылы Ресейге қарсы енгізген санкцияны тағы бір жылға ұзартты – деп мәлімдеді Ақ үй баспасөз қызметі. 

АҚШ Украинадағы жағдайға байланысты Ресейге қарсы алғашқы санкцияларды 2014 жылдың 6 наурызында енгізген. Оған себеп "Ресейдің Украинадағы демократиялық процестер мен институттарды бұзуы; бейбітшілікке қауіп төндіру, қауіпсіздік, тұрақтылық, егемендікке және территориалдық тұтастыққа қол сұғу" делінген хабарламада. 

"Ресей билігінің әрекеттері мен саясаты бұрынғыдай Құрама Штаттардың сыртқы саясаты мен ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіріп отыр", – делінген Трамп мәлімдемесінде. 

Дереккөз: "The Qazaq Times"



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.