Үндістандағы дипломаттар қазақстандықтарға елге оралуға көмектесіп жатыр

4 наурыз 2019 10:09 1114 рет қаралды


Қазақстанның Делидегі елшілігінің өкілдері жерлестерімізге көмектесіп жатыр. Олар Үндістан мен Пәкістан арасындағы әскери және саяси қақтығыстың әсерінен елге қайтып ұшып келе алмады. Бұл жайлы ведомствоның сайтынды жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық дипломаттардың айтуынша, 27 ақпанда Пәкістанның әуе кеңістігі жабылғаннан кейін ол "Эйр Астана" әуекомпаниясының қалыпты жұмысына әсерін тигізген. Сондықтан Қазақстанның 65 азаматы қайтадан еліне оралмай қалған. "Үндістандағы Қазақстанның елшілік өкілдерінің және әуекомпанияның қызметкерлерінің көмегімен жолаушылардың билеттері кейінгі уақытқа ауыстырылды. Біздің 44 азаматымыз елшілікке жеткізілді. Олар туыстарымен хабарласу үшін байланыс қызметімен, тамақпен және жататын орынмен қамтамасыз етілді", - делінген ведомствоның сайтында.  

Елшілік өкілдері қазақстандықтар бұл жағдайда өздерін байсалды ұстағанын айтты.

Дереккөз: tengrinews.kz





Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.