Димаш ресейліктерді таңғалдырған 11 жастағы қазақстандық әншіге кеңес берді

3 наурыз 2019 10:09 1579 рет қаралды


Ерекше дауысымен әлемді мойындатып жүрген талантты әнші Димаш Құдайберген "Голос. Дети" тележобасында ресейлік танымал әншілерді мойындатқан 11 жастағы Ержан Максимге ізгі тілегін білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Димаштың пікірінше, 11 жастағы Ержан жоғары деңгейде өнер көрсеткен.

"Ержантай, балапан, Ресейдегі өнеріңе тәнті болдым. Қазақ елінің өнерге бай екенін Ресейдің қақ ортасында дәлелдеген кішкентай батырымызсың. Былтыр Украинададағы осындай жобада Данелия құлыншағымыз еліміздің мәртебесін көтерсе, биыл дәстүрге айналған жеңісті үрдісімізді өзің Ресейдің төрінде дес бермей абыроймен жалғастыруыңа тілектеспін. Сен мықтысың!!!", - деп жазды ол Instagram желісіндегі жеке парақшасында.


Сонымен қатар Димаш Құдайберген жас қазақстандық әншіге ағалық ақылын айтты.

"Саған бірінші кезекте, қазіргідей жақсы, қарапайым азамат болып өсуіңді, содан барып қана үлкен жұлдыз болуыңды тілеймін, жаным. Алға Ержантай!!!", - деді әнші.

Дереккөз: sputniknews.kz



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.