Таразда көпқабатты үйде жарылыс болды: екі адам қаза тапты

27 ақпан 2019 08:48 989 рет қаралды


Таразда көпқабатты үйлердің бірінде болған жарылыста екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Куәгерлердің айтуынша, жарылыс таңертең 27 ақпанда 9 шағын ауданда болған. Жамбыл облыстық ТЖД өкілдерінің мәліметі бойынша, үйден 300 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Куәгерлердің айтуынша, бірінші, екінші және үшінші қабат арасындағы жабындар қираған. Басқа мәліметтер әлі белгісіз.



 Дереккөз: tengrinews.kz



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.