Венесуэла шекарасында 300-ге жуық адам жарақат алды

24 ақпан 10:56 460 рет қаралды


Венесуэланың көрші елдермен шекарасында жағдай шиеленісті. Себебі Николас Мадуро шетелден жіберілген гуманитарлық көмекті өткізбеу үшін оларды жауып, қақтығыстар орын алуда.

Соның бірі Колумбиямен шекарада болды. Венесуэла әскерилері 3 жүк көлігінің жолын бөгеп, оның бірі жанып кетті. Әзірге өрт қалай шыққаны белгісіз. Қақтығыстан 300-ге жуық адам жарақат алған.

 Каракас Колумбиямен дипломатиялық қатынасты үзді. Тағы бір оқиға теңізде болды. Мұнда әскерилер Пуэрто-Рикодан келе жатқан кеменің алдына тосқауыл қойып, кері қайтарды. Ал кеше Бразилиямен шекарада қақтығыс болып, 2 адам көз жұмған.

 Елдегі ахуалға байланысты оппозиция жетекшісі Хуан Гуайдо халықаралық қауымдастықтан шара қолдануға шақырды.

Дереккөз: 24 кз


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.